Менен «Не үшін күресіп жатырмыз?» деп жиі сұрайды. Менің жауабым: «Күресіп болғаннан кейін білесіңдер». Ілмектер: күрес, сұрақ, жауап, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Уинстон Черчилль Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Менен «Не үшін күресіп жатырмыз?» деп жиі сұрайды. Менің жауабым: «Күресіп болғаннан кейін білесіңдер».
Адам болу — бір мәселе. Адам боп қалу — қиын мәселе. Ізгілік, адалдық, әділеттілік, шыншылдық — адамгершіліктің төрт құбыласы. Күшті адам – өзгелерді бағындыра алатын емес, өз-өзін ақиқатқа бағындыра алатын адам. Ал ақиқат дегеніміз: Аллаһ сөзі — Құран, оның шынайы мән-мағынасы, ғылыми дәлелі жоқ жалған сөздер емес. Ақиқат үшін күрес — дінді ғылыммен, ғылымды дінмен дәлелдеу жолындағы мәңгілік зерттеу. Өмір — сынақ жүргізетін зертхана. — Нарша Булгакбаев Адам, мәселе
Мен соңғы 33 жылымда таңертең айнаға қарап, өзіме былай деп сұрақ қоямын: «Егер бүгінгі күн менің өмірімнің соңғы күні болса, бүгін істейтін ісімді істер ме едім?» — Стив Джобс сұрақ, Өмір
Өмірге даналыққа тамыр жіберген дара дарынды адам келгенін қалай білуге болады? Түк те қиындығы жоқ. Кілең орташа қабілет иелері мен жүн бастар сол адамға қарсы ұйымдасқан түрде күрес аша бастайды. — Джонатан Свифт дана, дарын
Өмір үшін өлгенше күрес. — Бауыржан Момышұлы Өмір, өлім
Адамдармен жақсы мәміле ету ақылдың жартысы. Сұрақты дұрыс сұрау ғылымның жартысы. — Ариф Ривагари адам, сұрақ
Теріс эмоциялар мен деструктивті реакциялар белгілі бір психотравмаға (өткен шақтағы оқиға немесе жағдайға) тікелей байланысты пайда болмайды. Ең жойқын теріс эмоциялар мен деструктивті реакциялар — сол травманы бүгінгі күнге дейін қалай қабылдап келе жатқанымызға, және ол туралы не ойлайтынымызға байланысты туындайды. Сондықтан біз бастан өткерген қиындықтар мен кедергілер жайлы көзқарасымызды қайта қарап, өңдеп, өзгертуіміз қажет. Бұл үшін ішкі жан дүниеміз бен сыртқы ортаны кінәламай, шынайы қабылдауымызды, сондай-ақ рационалды, продуктивті және реалистік түрде ойлануымызды сонымен қатар конструктивті дамуды үйренуіміз керек. Бұл тек теория ғана емес — нақты дағдылар мен тәжірибе арқылы қалыптасатын қабілет. Бұл үшін мынадай қадамдарды орындаңыз: 1. Ойларыңызды сырттай бақылаңыз және барынша шынайы бағалауға тырысыңыз. Бұл — өзін танудың және ішкі тепе-теңдікті қалпына келтірудің алғашқы қадамы. Сіздің ішкі тыныштығыңыз — өз ойларыңызды дұрыс тани білуден басталады. Бірақ бір нәрсені түсіну қажет: ойларыңыз сіздің шынайы болмысыңыз емес, тек санаңыздың уақытша көрінісі (ой дегеніміз ішкі сөздер мен бейнелер). Кейбір ойлар — ескі жаралардың жаңғырығы болса, кейбірі — қорқыныш пен күмәннің көлеңкесі ғана. Сол себепті, әр ойыңызға (сыртқы психологиялық шабуыл кезінде) бейтарап көзқараспен қарап үйреніңіз. Өзіңізден сұрап үйреніңіз: – Бұл ой қаншалықты шынайы? – Мен оны қандай дәлелге сүйеніп қабылдадым? – Бұл ой маған көмектесіп жатыр ма, әлде керісінше шектеп жатыр ма? 2. Барлық жүрегіңізді мазалап жүрген сұрақтардың бәрін миыңызға қоя беріңіз — бұл сіздің ішкі әлеміңізге апаратын жол. Ойларыңызды ақиқат сүзгісінен өткізуге, сенімдеріңізді қайта қарауға, ішкі кедергілерді тануыңызға көмектеседі. Өзіңізге сұрақ қойғанда, асықпаңыз. Әрбір сұрақ-жауап — өзіңізбен шынайы әрі терең сұхбат болсын. Мысалы: "Неге мен бұлай ойлаймын? Неге басқаша емес?" "Бұл ой маған не береді? Қуаныш па әлде қайғы ма?" "Бұл ойларым шындыққа сәйкес келе ме, әлде тек менің ішкі үрейім бе?" "Мені тоқтатып тұрған не / кім?" "Мен кімге / неге сенуім керек?" Осыған тектес сұрақтар сіздің санаңызды сергітеді, көзқарасыңызды кеңейтеді, ал шынайы жауаптар — ішкі тыныштық пен дамудың бастауы бола алады. Сұрақ — бұл ізденіс. Ал ізденіс — бұл өсудің алғышарты. Өзіңізге адал болыңыз, жауап табу ғана емес, түсінуге тырысыңыз. Тек сұрақ қою арқылы адам шын мәнінде өзін қайта танып, қайта қалыптастыра алады. 3. Автоматты, аяқ астынан пайда болатын негативті ойларды бақылаңыз. «Автопилотты» өшіріп, сол ойларды шынайы тұрғыда талдауды (психоанализ) үйреніңіз — бұл ойлау гигиенасын қалыптастырады. Саналы түрде ойларыңыз бен қиялыңызды бақылау — өзіңіздің ішкі әлеміңізге терең үңілуге жол ашады. Әр ойды байқаңыз, бағалаңыз және оны өзгертуге болатынын мойындаңыз. Себебі әрбір ой — сіздің эмоцияңыздың және әрекетіңіздің бастауы. Ал ойдың тазалығы — жан дүниеңіздің тыныштығы мен тепе-теңдігінің кепілі. Негативті ойлармен күресу ғана емес, оларды түсіну, қабылдау, және қайта қарау, ақиқатқа бағыттау — міне, шынайы рухани және психологиялық өсу осыдан басталады. Бұл — өзіңізбен серіктесе өмір сүру, өз санаңызбен үйлесім табу (келіспеушілік пен ішкі соғыс емес). Саналы өмір — автоматизмнен бостандық табу. Өзіңізге мейіріммен қараңыз. Әр ойыңызды дұшпан емес, дос ретінде тыңдаңыз. Себебі ішкі диалог — бұл өз-өзіңізді емдеудің алғашқы қадамы. 4. Күнделік жүргізу — бұл жай ғана жазба емес, ішкі әлеміңізбен шынайы байланыс орнатудың ең тиімді жолы. Әр жазған сөзіңіз — өзіңізбен сырласу, жаныңызды тыңдау, жүрегіңізге үңілу. Ол — ішкі тыныштықтың, түсіністіктің және рухани жетілудің айнасы. Күнделігіңіз сіздің сенімді серігіңізге айналады: — қуанышыңызды бөлісетін, — қайғыңызды тыңдайтын, — ойыңызды жинақтауға көмектесетін, — армандарыңызды шынайы жоспарға айналдыратын. Тұрақты түрде жазу арқылы сіз: — өзіңізді жақсырақ тани бастайсыз, — ішкі дауысыңызды естисіз, — шешімдер қабылдауда айқындыққа ие боласыз, — әрі өміріңізді саналы бағытта құра бастайсыз. Күнделігіңіз — сіздің жан айнаңыз. Онда шындық бар. Онда үміт, ем, жеңіс жатыр. Бүгін бір сөйлемнен бастасаңыз, ертең — өз тағдырыңыз жайлы өмір кітабын жазасыз. Есіңізде сақтаңыз: Күн сайынғы шағын әрекеттер — ертең үлкен ішкі трансформацияға жетелейді. — Нарша Булгакбаев жойқын, теріс
Таңертең көзіңді ашқанда өзіңнен: "Бүгін не істеймін?" деп сұраңыз. Ал кешке көзіңізді ілерде: "Бүгін не істедім?" деп сұраңыз. — Пифагор таңертең, сұрақ
Біздің заманда бейқам кісі ғана түрін жасқа бермейді. Күрес, бейнет, ой күйігі, ашу-ыза адамдардың бетіне қашан да із түсіреді. — Бауыржан Момышұлы заман, адам
Хабарлама
INFO
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі