Өлең, жыр, ақындар

Джонатан Свифт

Джонатан Свифт – ағылшын-ирланд жазушысы, сықақшы, публицист, ақын және қоғам қайраткері.
1667 жылы 30 қарашада Ирландия астанасы – Дублинде дүниеге келген. «Гулливердің саяхаты» атты фантастикалық тетрологиялының авторы ретінде көпшілікке танымал. Дублинде өмір сүрген, Әулие Патрик соборында декан болып қызмет еткен. Өзі ағылшын тегінен шыққанымен, Свифт қарапайым ирландықтардың құқығын қорғаған.


Нақыл сөздері

Құдай саған бар өміріңнің күндерін өмір сүруге жазсын.

Ілмектер: өмір, күн, құдай, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джонатан Свифт

Ақыл — ерден жеңiл аударып тастауға болатын аттылы адам сияқты.

Ілмектер: Ақыл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джонатан Свифт

Дүниеге шын данышпанның келгенiн бар ақымақтың оған қарсы күреске бiрiккенiнен байқауға болады.

Ілмектер: дүние, данышпан, ақымақ, күрес, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джонатан Свифт

Қошамет ақымақтардың сусыны дейдi. Дегенмен қаншама ақылды адамдар ауық-ауық онымен сусындаудан қашпас едi.

Ілмектер: қошамет, ақыл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джонатан Свифт

Өмірге даналыққа тамыр жіберген дара дарынды адам келгенін қалай білуге болады? Түк те қиындығы жоқ. Кілең орташа қабілет иелері мен жүн бастар сол адамға қарсы ұйымдасқан түрде күрес аша бастайды.

Ілмектер: дана, дарын, дара, адам, қабілет, күрес, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джонатан Свифт

Кітап оқысам, мейлі ол жақсы болсын, жаман болсын. Ол кітап тірі және менімен тілдесетін сықылды.

Ілмектер: кітап оқу Джонатан Свифт

Қарап көріңіз