Көп ойлап, жақсы сөйле нұсқа болсын, Қайтарар жауабың да қысқа болсын. Ілмектер: жауап, сөйлеу, сөз, нақыл, афоризм Жүсіп Баласағұни Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Көп ойлап, жақсы сөйле нұсқа болсын, Қайтарар жауабың да қысқа болсын.
Ана тілін біліп тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең, бұл – сүйініш. Ана тілін білмей тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең, бұл – күйініш.Өз тілін білмей тұрып, жат тілге еліктей беру – зор қате. — Халел Досмұхамедұлы ана тілі, қате
Өміріңнің қалған бөлігін — өз қолыңда бар нәрселерге ғана жұмса. “You have power over your mind — not outside events. Realize this, and you will find strength.” Қайдан алынған: «Өзіңе арналған толғаныстар» (Meditationes), II кітап Бұл сөйлем дәл Марк Аврелийдің Meditations кітабында кездеседі және оның негізгі стоикалық қағидаларын қысқа әрі нақты жеткізеді: біздің ішкі әлеміміз (ның ойымыз, сезімдеріміз, реакцияларымыз) біздің бақылауымызда, ал сыртқы оқиғалар біздің бақылауымыздан тыс. PS: Өмірдің бір кезеңінен кейін адам бәрін бақылап, бәрін өзгерте алмайтынын түсінеді. Сол кезде күш-қуатты бос уайымға емес, өз еркің мен таңдауыңа тәуелді істерге бағыттау — ішкі тыныштық пен саналы өмірдің кілті. — Марк Аврелий жауапкершілік, саналы таңдау
Көп сөйлеме, азбен келтір иінін, Бір сөзбен шеш түмен сөзінің түйінін. — Жүсіп Баласағұни аз, көп
Әлемде көргің келген өзгеріс бол. Be the change you wish to see in the world. — Махатма Ганди Өзгерісті Өзіңнен Баста, Әлемді Өзгерту
Аз сөйлер де, көп тыңдар, Хас асылдың баласы. — Махамбет Өтемісұлы сөйлеу, бала
Ата тұрып ұл сөйлесе — ер жеткені болар, Ана тұрып қыз сөйлесе — бой жеткені болар. — Сырым Датұлы ата, ана
Құлақ екеу, ауыз біреу. Ол не үшін бұлай? Көп тыңдап, аз сөйлеуге жаратқан оны Құдай. Ауыз біреу, көз екеу – ол не үшін бұлай? Көп көріп, аз таңдануға жаратқан оны солай. Ауыз біреу, қол екеу – ол не үшін бұлай? Көп жұмысшы, аз жеуші – жаратқаны ол солай. — Ахмет Байтұрсынұлы сөйлеу, көру
Ессіз адам көп сөйлейді, бірақ ештеңе тындыра алмайды. Ал есті адам аз сөйлеп, көп нәрсе тындырады. Сол себепті ессіздер әрдайым сынап-мінеп жүреді. — Михаил Литвак ес, адам
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі