Аз сөйлер де, көп тыңдар, Хас асылдың баласы. Ілмектер: сөйлеу, бала Махамбет Өтемісұлы Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Аз сөйлер де, көп тыңдар, Хас асылдың баласы.
Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық қылған жалықпас, Үйретуден балаға. — Абай Құнанбайұлы бала, еңбек
Ұлдың күні күн емес – атадан мал қалмаса, Ата малы пұл емес – баста ақыл болмаса. — Қорқыт ата ұл, мал
Атың жақсы болса, Ер жігіттің пырағы, Балаң жақсы болса, Жан мен тәннің шырағы. Қызың жақсы болса, Жайқалып өскен құрағы. Әйелің жақсы болса, Бірінші - иманың, Екінші - жиғаның, Үшінші - ырысыңның тұрағы. — Төле би Әлібекұлы ат, жақсы
Бір бала бар — атасына жете туады, Бір бала бар — атасынан өте туады, Бір бала бар — көтінен кері кете туады. — Қазыбек Келдібекұлы бала, ата
Ана тілін біліп тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең, бұл – сүйініш. Ана тілін білмей тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең, бұл – күйініш.Өз тілін білмей тұрып, жат тілге еліктей беру – зор қате. — Халел Досмұхамедұлы ана тілі, қате
Әйел-ана бір қолымен бала тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді. — Мұхтар Әуезов әйел, ана
Отбасы – адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын... адамның ең басты шаттығы болып саналатын балалардың өсіп, өмір сүретін орны. — Антон Макаренко отбасы, адам
Көп сөйлеме, азбен келтір иінін, Бір сөзбен шеш түмен сөзінің түйінін. — Жүсіп Баласағұни аз, көп
Хабарлама
INFO
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі