Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (10) Өлеңдер (4) Мақал-мәтелдер (2) Ұлағатты сөздер (9)

"мұра" туралы Ұлағатты сөздер

"мұра" туралы ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "мұра" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Білімді адам – өз халқының асыл мұрасын бойына сіңірген жан.

Ілмектер: білім, Білімді адам, Әлкей Марғұлан, мұра Әлкей Марғұлан
WhatsApp Telegram

Өмірден үлес алдың ба, өкінбей күліп өтерлік?
Артыңда мұра қалды ма, келешек мақтан етерлік?

Ілмектер: келешек, мұра, өмір, үлес, өкініш Абдолла Жұмағалиев
WhatsApp Telegram

Сөз, өсиет — мұра өліден тіріге,
Мирас тұтса — пайда өзіне, діліне!

Ілмектер: Сөз, өсиет, мирас, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, пайда, мұра Жүсіп Баласағұни
WhatsApp Telegram

Болашаққа "Мұра" дегеніміз — тек қана бұрынғылар қалдырған жәдігерліктер емес, сол мұраны түсіне алатын бүгінгілер санасы да.

Ілмектер: болашақ, мұра, сана, жәдігер, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сайын Назарбекұлы
WhatsApp Telegram

Халықтың ізгі дәстүрі — біздің ең асыл мұрамыз.

Ілмектер: халық, дәстүр, мұра, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Бақ – атадан қалған мұра емес.

Ілмектер: бақ, мұра Мырзатай Жолдасбеков
WhatsApp Telegram

Көшпелілер Орхон-Енисей жазбаларынан басқа ештеңе дүниеге әкелмесе де, әлемдік мәдениетке қомақты үлес қосқан халықтар арасынан ойып орын сұрауға хақылы. Олар бізге керемет храмдар мұраға қалдырған жоқ, олар оқ-дәрі (порох) де, қағаз да ойлап тапқан жоқ. Бірақ тасқа мәңгілікке қашалған немесе халық зердесінде бағзыдан сақталған әдеби ой солардан кем маңызды мәдениет элементтері деп кім айта алады?!

Ілмектер: көшпелілер, мұра, мәдениет Олжас Сүлейменов
WhatsApp Telegram

Сақтар болсаң халқыңды, тілді сақта.
Баға жетпес мұра жоқ, тілден басқа.

Ілмектер: сақта, тіл, халық, мұра Әбу Сәрсенбаев
WhatsApp Telegram

Адам дүниеге тек қана келіп, әшейін ғана аттана бермейді. Ол артында ой қалдырады, ойдан мұра қалдырады.

Ілмектер: адам, ой, мұра Баубек Бұлқышев
WhatsApp Telegram