Өлең, жыр, ақындар

Әлкей Марғұлан

Әлкей Хақанұлы Марғұлан (11 мамыр 1904, Павлодар облысы Баянауыл ауданы – 12 қаңтар 1985, Алматы қаласы) – әдебиеттанушы, өнертанушы, шығыстанушы, Ұлттық археология мектебiнiң негiзiн қалаушы. Бүкiлодақтық география қоғамының толық мүшесi (1933), филология ғылымының докторы (1945), Қазақстан ғылым академиясының академигі (1958), Қазақ КСР-iнiң еңбек сiңірген ғылым қайраткерi (1961). Оның редакциясымен Шоқан Уәлихановтың шығармаларының 5-томдық толық академиялық жинағы жарық көрді. Педагогика саласында Әлкей Марғұлан фольклор бойынша зерттеулерінің маңызы зор. Тұңғыш рет халық педагогикасының біртумалары шоғырланған Қазақ халқының аңыздарын, ертегілерін, жырларын іргелі зерттеді.


Туындылары Өлеңдері Нақыл сөздері

Дүние тану, білімге талпыну әрбір адамның есейген дәуірінен аңсап қараған түбегейлі ісінің бірі болып келеді. Егер бұл талпыну болмаса, әрбір адам білімге, еңбекке үңіле қарамаса, тек аңша қарын тойдырып, ұйқымен уақыт өткізсе, ешбір ілгері басу — өрлеу де болмас еді.

Ілмектер: білім, оқу, еңбек, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, уақыт Әлкей Марғұлан

Қарап көріңіз