Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:
"Тәрбие" тақырыбына байланысты ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "Тәрбие" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.
Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы.
Ілмектер: Әбу-Насыр Әл-Фараби, Әл-Фараби, білім, тәрбие Әл – Фараби
Ойланусыз оқу — пайдасыз, оқусыз ойлану — қауіпті.
Ілмектер: Конфуций, ЛуньЮй, НақылСөз, Білім, Оқу, Ойлану, Даналық, ӨмірСабағы, Тәрбие, ӨзінДамыту Конфуций
(Егер тек оқып, ойланбасаң, барлық күшің бекер; егер тек ойлансаң, бірақ оқымасаң, өзіңді қатерге ұшыратасың.)
Түпнұсқа (қытайша, пиньин):
学而不思则罔,思而不学则殆
Pinyin: Xué ér bù sī zé wǎng, sī ér bù xué zé dài
Адамның қадірі — оның мінезімен өлшенеді.
Ілмектер: мінез, адамгершілік, тәрбие, Әдеп Имам Әбу Ханифа
«Ата-ана берген тәрбие – өмірлік азық.»
Ілмектер: ата-ана, Тәрбие, Өмір Тлеуғабыл Шырайлым
«Тәрбиесіз берілген білім — адамзаттың қас жауы.» — Әл-Фараби
Ілмектер: жау, білім, Тәрбие, адамзат Тлеуғабыл Шырайлым
Тәрбиенiң еркiндiгi, еркiндiкпен тәрбиелеу, еркiндiктi тәрбиелеу — бұлар транзистордың антеннасындай бiрiнен-бiрi шығатын ұғымдар.
Ілмектер: тәрбие, еркіндік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, Ұлағатты сөздер, ойлар, ой, Асқар Сүлейменов Асқар Сүлейменов
Балаға қай тілде білім берсең түбі сол ұлтқа қызмет етеді.
Ілмектер: бала, тіл, тәрбие, тіл туралы, ұлт, қызмет, афоризм, қанатты сөздер, Ұлағатты сөздер Мұстафа Шоқай
Ұрпақ тәрбиесі елу пайыз сенің мойныңда. Ұлың өзіңнен озатын болсын. Қызың саған қарап серігін тауып, бақытты болсын.
Ілмектер: тәрбие, бақыт, ұл, қыз, ұрпақ Бауыржан Момышұлы
Күнде өзіңе есеп бер. Өзіңді тәрбиелей бер.
Ілмектер: есеп, тәрбие Бауыржан Момышұлы
Жауынгер тəрбиесі басқаларға қарағанда əлдеқайда көп тиым салудан басталады.
Ілмектер: жауынгер, тәрбие, тиым салу Элиас Канетти
Авторитарлық тəрбиелеудің ең зор қаупі — ол баланың бойына билік мұратын сіңіріп тастайды.
Ілмектер: тәрбие, бала, билік, мұрат Альфред Адлер
Кез-келген бала кер тəрбие алуға бас тігеді.
Ілмектер: бала, тәрбие Альфред Адлер
Құран түсінсең кешпейсің баз, тағдыр — тәрбие, ғылым — ұстаз, осы үшеуін танып болсаң, арын таза сақтайтұғын,
Ілмектер: Құран, тағдыр, Алла, ұстаз, құдай, ғылым, тәрбие, ар, тазалық Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев
Құдайға тартқан, боласың мұнтаз.
Естеріңізде болсын: қара халықтың мәдениетті болуынан мәдениетті кісінің қазақ болуы қиын, баласына осы бастан ұлт рухын сіңіріп, қазақ өміріне жақындатып тәрбиелеу керек.
Ілмектер: халық, мәдениет, қазақ, ұлт рухы, тәрбие Жүсіпбек Аймауытов
Спорт - бұл қызыққа толы өмір. Табысқа бірден жеткізбейді. Жеңіліс қорқынышты емес, жеңіске сенбеген қорқынышты. Әрбір жаттығу қатты терлегендер үшін лифт, жай терлегендер үшін баспалдақ. Спорт - үлкен тәрбие мектебі. Бүгін тырысасың, қиналасың, ертең бірақ қуанасың, мақтанасың.
Ілмектер: Спорт, қызық, өмір, табыс, жеңіліс, қорқынышты, жеңіс, сенім, жаттығу, терлеу, лифт, баспалдақ, тәрбие, мектеп, тырысу, қиналу, қуану, қуаныш, мақтану, мақтаныш Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев
Ең биік мақсат – өзіңді дұрыс тәрбиелеп, қоғамға қажет, пайдалы адам қылып шығару.
Ілмектер: Мақсат, тәрбие, қоғам, пайдалы, адам, қажет Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев
Қазақтар – намысшыл, тәуелсіз халық, бірақ олардың кейбіреулерінің білім-ғылымға, тәрбиелік маңыздылыққа деген құлшынысы басқаларымен бірдей емес екенін жоққа шығаруға болмайды.
Ілмектер: Қазақ, қазақтар, тәуелсіз мемлекет, тәуелсіз, білім, ғылым, тәрбие, құлшыныс, тәуелсіз халық, тәуелсіздік күні Али Айбекұлы
Ата - ана баласының санасын исламмен нұрландырып, жаратылыстанумен көзін аштырса, бұдан артық тәрбие жоқ. Сонда ғана бағыттаған тәрбиесі баласына пайда береді.
Ілмектер: Ата-ана, Ислам, сана, нұр, жаратылыстану, иман, тәрбие, бала, туралы Нарша Булгакбаев
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі