Өлең, жыр, ақындар

Уэллс Герберт

Герберт Джордж Уэллс ағылш. Herbert George Wells ( 21.9.1866, Бромли, Ұлыбритания — 13.08.1946, Лондон, Ұлыбритания) — ағылшын жазушысы, сыншыл реализмнің көрнекті өкілі.

Дүкенші отбасында туған. 1888 ж. Лондон университетін бітірді. 1891 ж. биологиялық ғылымы бойынша екі ғылыми атақ алды. 1942 ж. биологиялық ғылыми докторы дәрежесіне еге болды. Көптеген биология және физиология оқулықтарының авторы.

1895 ж. Уэллс «Уақыт машинасы» романында табиғи-ғылыми концепциясына сүйеніп, XX ғ. әдебиет тарихында алғаш ғылыми фантастиканы бастады. Уэллс «Доктор Моро аралы» (1896), «Бақыт дөңгелегі» (1896), «Көрінбейтін адам» (1897), «Айдағы алғашқы адамдар» (1901), «Аспандағы айқас (»1908), «Азат етілген әлем (»1914), т.б. фантастикалық романдарын жариялады. Ол үш рет (1914,1920, 1934) Ресейде болып, «Түнектегі Ресей» (1920) кітабын жазған.

1930 ж. «Өмір ілімі» атты философиялық очерктерді жазған.


Нақыл сөздері

Мынадай тамаша ауа-райында жерде тастап кеткен адам — нағыз ақымақ!

Ілмектер: тамаша, ауа-райы, жер, ақымақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Уэллс Герберт

Уақыт машинасы әрқайсымызда бар: өткен шаққа — естелік, болашаққа — арман апарады.

Ілмектер: уақыт, машина, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, өткен шақ, естелік, болашақ, арман Уэллс Герберт

Өмірдің әр секундындағы ғажайып пен құпияны сағат пен күнтізбенің көлегейлеуіне жол бермеңіз.

Ілмектер: өмір, Секунд, ғажайып, сағат, құпия, күнтізбе, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Уэллс Герберт

Егер біз соғысты жоймасақ, соғыс бізді жояды.

Ілмектер: соғыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Уэллс Герберт

Таңертең тұрған соң сол күнге тиесілі жазуыңызды жаздыңыз, содан соң барлық хатқа жауап бердіңіз, енді екі қолыңыз алдыңызға симай ерігіп отырсыз — ішіңіз пыса бастады. Міне, бұны махаббатқа арналған уақыт дейміз.

Ілмектер: махаббат, хат, уақыт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Уэллс Герберт

Өзгеріс жоқ, тіпті өзгерісті қажетсінбейтін жерде ақыл өледі.

Ілмектер: өзгеріс, ақыл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Уэллс Герберт

Жарнама — заңдастырылған өтірік.

Ілмектер: жарнама, өтірік, заң, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Уэллс Герберт

Адамзат тарихы білім мен апаттың бәсекесіне айналып барады.

Ілмектер: адамзат, тарих, білім, апат, бәсеке, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Уэльс Герберт

Қарап көріңіз