Біреуге қарап, өзіңе баға беруге болмайды. Ілмектер: баға Сергей Довлатов Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Біреуге қарап, өзіңе баға беруге болмайды.
Өміріңнің қалған бөлігін — өз қолыңда бар нәрселерге ғана жұмса. “You have power over your mind — not outside events. Realize this, and you will find strength.” Қайдан алынған: «Өзіңе арналған толғаныстар» (Meditationes), II кітап Бұл сөйлем дәл Марк Аврелийдің Meditations кітабында кездеседі және оның негізгі стоикалық қағидаларын қысқа әрі нақты жеткізеді: біздің ішкі әлеміміз (ның ойымыз, сезімдеріміз, реакцияларымыз) біздің бақылауымызда, ал сыртқы оқиғалар біздің бақылауымыздан тыс. PS: Өмірдің бір кезеңінен кейін адам бәрін бақылап, бәрін өзгерте алмайтынын түсінеді. Сол кезде күш-қуатты бос уайымға емес, өз еркің мен таңдауыңа тәуелді істерге бағыттау — ішкі тыныштық пен саналы өмірдің кілті. — Марк Аврелий жауапкершілік, саналы таңдау
Ел силарлық бағаң болмаса, елге аға болдым деме. — Әзілхан Нұршайықов ел, аға
Мені жетістігіме бола құрметтемеңдер, құлаған жерімнен қайта тұра алғаным үшін бағалаңдар. — Нельсон Мандела жетістік, құрмет
Өзіңді өз қабілеттеріңнен жоғары бағалаудың керегі жоқ және өзіңді кемсітудің де керегі жоқ. — Иоганн Вольфганг фон Гёте қабілет, бағалау
Теріс эмоциялар мен деструктивті реакциялар белгілі бір психотравмаға (өткен шақтағы оқиға немесе жағдайға) тікелей байланысты пайда болмайды. Ең жойқын теріс эмоциялар мен деструктивті реакциялар — сол травманы бүгінгі күнге дейін қалай қабылдап келе жатқанымызға, және ол туралы не ойлайтынымызға байланысты туындайды. Сондықтан біз бастан өткерген қиындықтар мен кедергілер жайлы көзқарасымызды қайта қарап, өңдеп, өзгертуіміз қажет. Бұл үшін ішкі жан дүниеміз бен сыртқы ортаны кінәламай, шынайы қабылдауымызды, сондай-ақ рационалды, продуктивті және реалистік түрде ойлануымызды сонымен қатар конструктивті дамуды үйренуіміз керек. Бұл тек теория ғана емес — нақты дағдылар мен тәжірибе арқылы қалыптасатын қабілет. Бұл үшін мынадай қадамдарды орындаңыз: 1. Ойларыңызды сырттай бақылаңыз және барынша шынайы бағалауға тырысыңыз. Бұл — өзін танудың және ішкі тепе-теңдікті қалпына келтірудің алғашқы қадамы. Сіздің ішкі тыныштығыңыз — өз ойларыңызды дұрыс тани білуден басталады. Бірақ бір нәрсені түсіну қажет: ойларыңыз сіздің шынайы болмысыңыз емес, тек санаңыздың уақытша көрінісі (ой дегеніміз ішкі сөздер мен бейнелер). Кейбір ойлар — ескі жаралардың жаңғырығы болса, кейбірі — қорқыныш пен күмәннің көлеңкесі ғана. Сол себепті, әр ойыңызға (сыртқы психологиялық шабуыл кезінде) бейтарап көзқараспен қарап үйреніңіз. Өзіңізден сұрап үйреніңіз: – Бұл ой қаншалықты шынайы? – Мен оны қандай дәлелге сүйеніп қабылдадым? – Бұл ой маған көмектесіп жатыр ма, әлде керісінше шектеп жатыр ма? 2. Барлық жүрегіңізді мазалап жүрген сұрақтардың бәрін миыңызға қоя беріңіз — бұл сіздің ішкі әлеміңізге апаратын жол. Ойларыңызды ақиқат сүзгісінен өткізуге, сенімдеріңізді қайта қарауға, ішкі кедергілерді тануыңызға көмектеседі. Өзіңізге сұрақ қойғанда, асықпаңыз. Әрбір сұрақ-жауап — өзіңізбен шынайы әрі терең сұхбат болсын. Мысалы: "Неге мен бұлай ойлаймын? Неге басқаша емес?" "Бұл ой маған не береді? Қуаныш па әлде қайғы ма?" "Бұл ойларым шындыққа сәйкес келе ме, әлде тек менің ішкі үрейім бе?" "Мені тоқтатып тұрған не / кім?" "Мен кімге / неге сенуім керек?" Осыған тектес сұрақтар сіздің санаңызды сергітеді, көзқарасыңызды кеңейтеді, ал шынайы жауаптар — ішкі тыныштық пен дамудың бастауы бола алады. Сұрақ — бұл ізденіс. Ал ізденіс — бұл өсудің алғышарты. Өзіңізге адал болыңыз, жауап табу ғана емес, түсінуге тырысыңыз. Тек сұрақ қою арқылы адам шын мәнінде өзін қайта танып, қайта қалыптастыра алады. 3. Автоматты, аяқ астынан пайда болатын негативті ойларды бақылаңыз. «Автопилотты» өшіріп, сол ойларды шынайы тұрғыда талдауды (психоанализ) үйреніңіз — бұл ойлау гигиенасын қалыптастырады. Саналы түрде ойларыңыз бен қиялыңызды бақылау — өзіңіздің ішкі әлеміңізге терең үңілуге жол ашады. Әр ойды байқаңыз, бағалаңыз және оны өзгертуге болатынын мойындаңыз. Себебі әрбір ой — сіздің эмоцияңыздың және әрекетіңіздің бастауы. Ал ойдың тазалығы — жан дүниеңіздің тыныштығы мен тепе-теңдігінің кепілі. Негативті ойлармен күресу ғана емес, оларды түсіну, қабылдау, және қайта қарау, ақиқатқа бағыттау — міне, шынайы рухани және психологиялық өсу осыдан басталады. Бұл — өзіңізбен серіктесе өмір сүру, өз санаңызбен үйлесім табу (келіспеушілік пен ішкі соғыс емес). Саналы өмір — автоматизмнен бостандық табу. Өзіңізге мейіріммен қараңыз. Әр ойыңызды дұшпан емес, дос ретінде тыңдаңыз. Себебі ішкі диалог — бұл өз-өзіңізді емдеудің алғашқы қадамы. 4. Күнделік жүргізу — бұл жай ғана жазба емес, ішкі әлеміңізбен шынайы байланыс орнатудың ең тиімді жолы. Әр жазған сөзіңіз — өзіңізбен сырласу, жаныңызды тыңдау, жүрегіңізге үңілу. Ол — ішкі тыныштықтың, түсіністіктің және рухани жетілудің айнасы. Күнделігіңіз сіздің сенімді серігіңізге айналады: — қуанышыңызды бөлісетін, — қайғыңызды тыңдайтын, — ойыңызды жинақтауға көмектесетін, — армандарыңызды шынайы жоспарға айналдыратын. Тұрақты түрде жазу арқылы сіз: — өзіңізді жақсырақ тани бастайсыз, — ішкі дауысыңызды естисіз, — шешімдер қабылдауда айқындыққа ие боласыз, — әрі өміріңізді саналы бағытта құра бастайсыз. Күнделігіңіз — сіздің жан айнаңыз. Онда шындық бар. Онда үміт, ем, жеңіс жатыр. Бүгін бір сөйлемнен бастасаңыз, ертең — өз тағдырыңыз жайлы өмір кітабын жазасыз. Есіңізде сақтаңыз: Күн сайынғы шағын әрекеттер — ертең үлкен ішкі трансформацияға жетелейді. — Нарша Булгакбаев жойқын, теріс
Достарды екі топқа бөліп, қарастыруға болады. Біріншісі - белгілі бір уақыт қана сіздің өміріңіздің қонағы болса, екіншісі – қандай қиындық туса да қасыңыздан кетпейтін жандар. Оларды бағалай білу керек. Өйткені олар өмір бойы сіздің қасыңызда болады. — Агата Кристи дос, өмір
Әдебиетте саған көзіңнің тірісінде қоғамның берген бағасы – анық баға емес. — Қадыр Мырза Әли әдебиет, қоғам
— Сіз өмірді қаншалықты бағалайсыз? — Алпыс төрт. — Неге «алпыс төрт» дедіңіз? — Сіз өмірді қандай өлшеммен бағалау керек деп ойлайсыз? — Жоқ! Мен неге «алпыс төрт» дедіңіз, мысалы неге «жетпіс үш», емес деп сұрап отырмын? — «Жетпіс үш» десем де осы сұрақты қояр едіңіз ғой! — Ричард Фейнман Өмір, бағалау
Хабарлама
INFO
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі