Біреуге ажал тілеуді алыстан іздеп жатудың, ол үшін адам жанына соншалықты терең үңілемін деудің қажеті жоқ — оны кез-келген жерден кездестіруге болады. Ілмектер: ажал Элиас Канетти Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Біреуге ажал тілеуді алыстан іздеп жатудың, ол үшін адам жанына соншалықты терең үңілемін деудің қажеті жоқ — оны кез-келген жерден кездестіруге болады.
Жиырма деген жасыңыз Ағып жатқан бұлақтай, Отыз деген жасыңыз Жарға ойнаған лақтай. Қырық деген жасыңыз Ерттеп қойған құр аттай. Елу деген жасыңыз О да бір көшкен ел екен, Алпыс деген жасыңыз Қайғылы - мұңлы күн екен, Сексен деген жасыңыз Қараңғы тұман түн екен, Тоқсан деген жасында Ажалдан басқа жоқ екен. — Бұқар жырау өмір, ажал
Ауруын жасырған - ажалсыз өледі, Қиянаттан қорыққан - амалсыз көнеді. — Қазыбек Келдібекұлы ауру, ажал
Арғымақ баптап не керек – жабы қуып жеткен соң, Ағайын-туған не керек – аңдысып күні өткен соң, Бес күн дәурен өтеді – ажал қуып жеткен соң. — Төле би Әлібекұлы өмір, туысқан
Ажал жетпей - өлмек жоқ. — Қорқыт ата ажал, өмір
Жалаңаш барып жауға ти – тәңірі өзі біледі ажалымыз қайдан дүр. — Шалкиіз Тіленшіұлы жау, ажал
Жақындап ажал тұрса да, Жанына қылыш ұрса да, Қалжырап, көңіл қарайып, Қарауытып көзі тұрса да – Үмітін жоймас адамзат! — Бұқар жырау ажал, үміт
Тіршілікте адам баласы нелер күйге түспек: бейнет шекпек, рахат таппақ, өкінбек, үміт етпек, адаспақ, түзелмек, талай ажалға басын да байламақ, талай соққы да жемек — Жүсіпбек Аймауытов адам, ажал
Əйел заты – залым. Ол ыстық жар құшағы мен суық ажал құшағында ғана қымбат. — Проспер Мериме Əйел, залым
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі