Позитивті ойлаудан тыс, өзгерек, дұрыс қадам жасаңыз және өз тағдырыңызды басқа біреу емес, өзіңіз жазыңыз. Ілмектер: Нарша Булгакбаев, Позитивті ойлау, дұрыс, қадам, тағдыр, жазу Нарша Булгакбаев Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Позитивті ойлаудан тыс, өзгерек, дұрыс қадам жасаңыз және өз тағдырыңызды басқа біреу емес, өзіңіз жазыңыз.
Адам жанының, өмірдің мәңгілік екенін білетін шығарсыз, білуіңіз керек, себебі бұл өте маңызды, сонда адам жаны өлімнен қорықпайтын болады, күйзеліске ұшырамайды. Сондықтан Құран әрдайым өлімді еске алуға кеңес береді. Ертең өлетіндей өмір сүрсеңіз, мәңгілік өлмейтініңізге сеніңіз. Дегенмен тән – табиғат заңдылығына сәйкес өлімнен әрдайым қорқады. Қорықпаймын деу екіжүзділіктің белгісі. Адам өлімнің мәнін және одан шын қорықпауды – Алланы, қиямет күнін, қайта тірілуді, күннің астында ұзақ жылдар тұруды, қорқынышты сотты, қыл көпірді және ақыретті (жаннат пен тозақ) жиі еске алу арқылы үйренеді және бұл әсіресе намаз оқу процесінде орын алуы керек. Пайдалы болсын, зиянды болсын белгілі бір сенімге негізделген сөздерді қайта-қайта еске алу немесе басқа адамның есіне салу бұл сіздің болашағыңызды қалыптастыратын тағдыр және басқалардың жан дүниесіне әсер қалдыратын із. — Нарша Булгакбаев Нарша Булгакбаев, құран
Нәтежие белгілі бір амал-әрекеттің нүктесі. Бірақ егер біз өз болмысымыздың мінсіз екенін түсінсек, нәтиже біз үшін әдетте сөйлемнің соңында қойылатын нүкте емес, көп нүкте болады. Сонда адам өз болмысының – мәңгілік, жойылмайтындай етіп жаратылғанын сезінеді. — Нарша Булгакбаев Нарша Булгакбаев, нәтиже
Көбіміз жаман ойлауға әдеттеніп қалғанбыз және оны женбек тұрмақ қалай күресуді білмеуіміз мүмкін. Жаман ойдан қашу үшін неше түрлі амалдар жасаймыз. Бірақ ол амалдардың барлығы сыртпен байланысты болғандықтан олардың көмегі уақытша, тұрақты емес, алдамшы ғана. — Нарша Булгакбаев Нарша Булгакбаев, жаман
Өмір қағидаларын меңгергеннен кейін сіздің өміріңіз бақытқа, махаббатқа, еркіндікке, сенімділікке және ақшаға толы болады. Бұл жалған сөздер емес. Өйткені өзіңіздің шексіз əлеуетіңізді білдіруден жəне бай шығармашылық қабілеттеріңізді дамытудан, іштегіні сыртқа шығарып босатудан басқа адамды жігерлендіретін жəне шабыттандыратын ештеңе жоқ, себебі бұл өмірдің қағидаты. — Нарша Булгакбаев Нарша Булгакбаев, Өмір
Арман, мақсат, жоспар әрекет етпей жүзеге аспайды. Сондықтан тек Аффирмация мен Визуализацияға, тек Эмоция мен Медитацияға ғана сенетін болсаңыз, арман арман болып қала береді, мақсат орындалмайды, құрған жоспарыңыз жүзеге аспайды. Өмірдің екі негізгі қағидасы бар: уақытты барлығына тең үлестіру және талпыныс жоғалтпай қажырлы еңбек ету. — Нарша Булгакбаев Нарша Булгакбаев, арман
Біздер тұрмыс-тіршіліктен қолымыз тимей, дүниенің алдап жатқанын сезбейміз. Сананы тұрмыс-тіршілік билейді деп шатасып жүрміз және кейінгілерді де солай адастырып жатырмыз. Бізге түк қатысы жоқ, зияны көп ақпаратты қабылдау, оған құл болу – өмір сүру салтына айналды. Шарасыздық сезімі, сəтсіздіктер мен көңіл толмаушылық, біздердің – қоғамды, басқаларды, тағдырды (Құдайды) кінəлауға жəне əртүрлі кінәлілерді іздеуге мəжбүр етеді. Адамзаттың көпшілігі өз проблемаларының шешімін өзі емес сыртқы ортаның шешіп бергенін қалайды, өзіне-өзі толық жеткілікті бола алмаған, өз-өзін еркін қамтамасыз ете алмайды, осының нәтижесінде Құлдық Санаға түсіп қалған, масыл және тәуелді адамдар қаптайды. Бұл гуманизм жолы емес! — Нарша Булгакбаев Нарша Булгакбаев, адам
Адам өз-өзімен сөйлесетін жалғыз жаратылыс. Күні бойы сіз үнемі өзіңізбен сөйлесесіз яғни ойланасыз және қоршаған шындық (өмір) туралы ақпарат жинайсыз. Сіз дәл компьютерге ақпарат енгізетін бағдарламашы сияқты әрекет етесіз, тек бір ерекшелігі: сіз әрі бағдарламашысыз (программист) және бір уақытта компьютерсіз (ми/сана). — Нарша Булгакбаев Нарша Булгакбаев, адам
Өз кінәсін, қателігін мойындаған, онымен келіскен адам бостандыққа шығарылады және кешіріледі, ал сылтау іздеп ақталатын, айыпсызбын деп өзін санайтын, басқаларын кінәлайтын, мәңгілікке өзін, түрмеге жабады. — Нарша Булгакбаев Нарша Булгакбаев, Кінәлау
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі