Өмірдің мәні — оны мәнмен толтыруда. Ілмектер: Виктор Франкл, өмірдің мәні, Өмірдің мағынасы, Өмір, мән, мағына Виктор Франкл Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Өмірдің мәні — оны мәнмен толтыруда.
Адам болу — бір мәселе. Адам боп қалу — қиын мәселе. Ізгілік, адалдық, әділеттілік, шыншылдық — адамгершіліктің төрт құбыласы. Күшті адам – өзгелерді бағындыра алатын емес, өз-өзін ақиқатқа бағындыра алатын адам. Ал ақиқат дегеніміз: Аллаһ сөзі — Құран, оның шынайы мән-мағынасы, ғылыми дәлелі жоқ жалған сөздер емес. Ақиқат үшін күрес — дінді ғылыммен, ғылымды дінмен дәлелдеу жолындағы мәңгілік зерттеу. Өмір — сынақ жүргізетін зертхана. — Нарша Булгакбаев Адам, мәселе
Әр адамның ішінде ешкім тартып ала алмайтын соңғы байлық бар: кез келген жағдайда өзінің көзқарасын таңдау еркіндігі. Оригинал (неміс тілінде): „Jeder Mensch trägt in sich ein letztes, unantastbares inneres Gut: die Freiheit, seine Einstellung in jeder gegebenen Situation zu wählen.“ Бұл Франклдың негізгі идеясын көрсетеді: сыртқы жағдайлар қандай ауыр болса да, адам ішкі еркіндігін сақтап, өз көзқарасын таңдай алады. Ол бұл идеяны концлагерьде аман қалған тәжірибесіне сүйене отырып, "Адамның мағына іздеуі" (Man's Search for Meaning) кітабында кеңінен таратқан. — Виктор Франкл Виктор Франкл, көзқарас
Адам жанының, өмірдің мәңгілік екенін білетін шығарсыз, білуіңіз керек, себебі бұл өте маңызды, сонда адам жаны өлімнен қорықпайтын болады, күйзеліске ұшырамайды. Сондықтан Құран әрдайым өлімді еске алуға кеңес береді. Ертең өлетіндей өмір сүрсеңіз, мәңгілік өлмейтініңізге сеніңіз. Дегенмен тән – табиғат заңдылығына сәйкес өлімнен әрдайым қорқады. Қорықпаймын деу екіжүзділіктің белгісі. Адам өлімнің мәнін және одан шын қорықпауды – Алланы, қиямет күнін, қайта тірілуді, күннің астында ұзақ жылдар тұруды, қорқынышты сотты, қыл көпірді және ақыретті (жаннат пен тозақ) жиі еске алу арқылы үйренеді және бұл әсіресе намаз оқу процесінде орын алуы керек. Пайдалы болсын, зиянды болсын белгілі бір сенімге негізделген сөздерді қайта-қайта еске алу немесе басқа адамның есіне салу бұл сіздің болашағыңызды қалыптастыратын тағдыр және басқалардың жан дүниесіне әсер қалдыратын із. — Нарша Булгакбаев Нарша Булгакбаев, құран
Ғылымсыз өмірдің мәні жоқ, өнерсіз өмірдің сәні жоқ. — Нарша Булгакбаев ғылым, өмір
Адамнан бәрін тартып алуға болады, бірақ жағдайға деген көзқарасын таңдау еркіндігін емес. Қайдан алынған: Man’s Search for Meaning (Өмір мәнін іздеу, 1946) — концлагерь тәжірибесіне негізделген психологиялық-философиялық еңбек. — Виктор Франкл Виктор Франкл, көзқарас
Сенім әлемдегі ең қуатты күш деп айтуға болады. Сенім адамдарға суицид жасауға мүмкіндік береді, өйткені олар әрі қарай өмір сүрудің мәні жоқ деп сезінеді. Демек, сенім – мұқият басқаруды қажет ететін күш. Суицид – өзіне-өзі нүкте қоюдың ең қатал, ауыр түрі. Олардың басты проблемасы, сөзсіз, өзгелерден, өмірден шаршауда және бұл үмітпен, сеніммен тығыз байланысты. Батылдық, ерлік, төзімділік қайда, уақытша сынақ, ауыр күнә емес пе деп айту бәрімізге де оңай. — Нарша Булгакбаев Нарша Булгакбаев, Суицид
Ақиқатын білмей, туралықты табу мүмкін емес. Ақиқат дегеніміз Құдай сөзі, ғылыми дәлелдер мен имани (рухани-адамгершілік) түсінік, барлық жаратылыстың сыртқы емес ішкі формасы, терең мәні. — Нарша Булгакбаев Нарша Булгакбаев, ақиқат
Ойлардың 3 түрі болады: — аяқталған, толық ой — жауап іздеуші ой — эмоционалды ой Осылардың бірігуі арқылы ойлау жүйесі қалыптасады. Ойлау Жүйесі өзгергеннен кейін өмірдің мәні де өзгереді! — Нарша Булгакбаев Нарша Булгакбаев, ой
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі