Кей адам бүгiн тату, ертең қату Тiлеуi, туыстығы бәрi сату. Ілмектер: татулық, туыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Кей адам бүгiн тату, ертең қату Тiлеуi, туыстығы бәрi сату.
Ашу бар жерде ақыл тұрмайды. Ашу деген - ағын су, Алдын ашсаң, арқырар. Ақыл деген - дария, Алдын тоссаң, тоқырар. Кісі бірге туыспау керек, Туысқан соң сөз қуыспау керек. Сөз қуған пәлеге жолығады. Жол қуған олжаға жолығады. — Әйтеке би ақыл, сөз
Тату болса – ағайын жақын, Адал болса – дос жақын. — Қазыбек Келдібекұлы ағайын, адал
Әйел алсаң қарап ал ақылдысын, Сол болар басқалардан жақын кісің. Ағайынға, туысқа қайырылса, Дүниеде нағыз сол ғой мақұл кісің. Ерге – аю, балаға – қасқыр болса, Ондай қатын алғанның күні құрсын. — Шал Құлекеұлы әйел, ағайын
Мейірім, ынсап, әділет, адал еңбек, таза жүрек, тату дос - өмірінде өкіндірмес қасиеттер осылар. — Шәкәрім Құдайбердіұлы Мейірім, ынсап
Құт берекең - атаң қымбат, Аймалайтын анаң қымбат. Мейірімді апаң қымбат. Асқар тауың - әкең қымбат. — Қазыбек Келдібекұлы Қазыбек би, ата
Ағайынның ішінде бір жақсысы бар болса – қаумалаған көп жаман сол жақсыны көре алмас. — Шалкиіз Тіленшіұлы ағайын, туыс
Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. — Нұрсұлтан Назарбаев Отан, отбасы
Кісімен бірге туыспау керек, Туысқан соң артық сөз қуыспау керек. — Әйтеке би туыс, сөз
Хабарлама
INFO
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі