Бай болсаң, халыққа пайдаң тисін; Батыр болсаң, дұшпанға найзаң тисін. Бай болып пайдаң тимесе, Батыр болып найзаң тимесе, Жұрттан алабөтен үйің күйсін! Ілмектер: бай, пайда, халық, найза Әйтеке би Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Бай болсаң, халыққа пайдаң тисін; Батыр болсаң, дұшпанға найзаң тисін. Бай болып пайдаң тимесе, Батыр болып найзаң тимесе, Жұрттан алабөтен үйің күйсін!
Рахмет
Шешендіктен не пайда, Артында сөзі қалмаса? Батырлықтан не пайда, Халқына қайран қылмаса? Хандықтан не пайда, Қарашасын жалмаса? Молдалықтан не пайда, Шариғатты өзгертіп, Нашарларды алдаса? — Төле би Әлібекұлы шариғат, батырлық
Қинамайды абақтыға жапқаны, Қиын емес, дарға асқаны, атқаны, Маған қиын осылардың бəрінен, Өз аулыңның иттері үріп- қапқаны... — Ахмет Байтұрсынұлы сатқындық, сатқындық туралы нақыл сөз
Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге. Артық білім кітапта, Ерінбей оқып көруге. — Абай Құнанбайұлы кітап, пайда
Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек. — Ахмет Байтұрсынұлы оқу, бай
Ер жігітке жарасар, Қолына алған найзасы. Би жігітке жарасар, Халқына тиген пайдасы. — Бұқар жырау ер, найза
Денсаулық туралы нақыл сөздер. Денсаулықты сақтау үшін, ал одан да абзалы жиі ауыра берудің алдын алу үшін дене жаттығуларын жасаған немесе қозғалыста болған жақсы. М.Я.Мудеров. Гимнастика, дене жаттығулары, жүру, жұмыс істеу қабіоетін, денсаулығын, кемел қуанышты өмірін сақтағысы келген əр адамның күнделікті тұрмысына берік енуге тиіс. Гиппократ. Дене жаттығуларымен қалыпты жəне өз уақытында шұғылданып отырған адам ауруды құртуға бағытталған ешқандай емдеуді қажет етпейді. Ибн-Сина. Денсаулық-байлықтан қымбат. Д.Рей. Дені сау адам-табиғаттың ең қымбат жемісі. Т.Карлейль. Дертке шалдыққанша,денсаулықтың қадірін ешкім де білмейді. Т.Фуллер. — Зекешева Лаззат денсаулық, гимнастика
Қанша байлық жисаң да – бұйырғаннан артық жей алмайсың. — Қорқыт ата байлық, жеу
Жарқ етпес қара көңлім не қылса да, Аспанда ай менен күн шағылса да. Дүниеде маған сендей жар жоқ сірә, Саған жар менен артық табылса да. — Абай Құнанбайұлы Абай Құнанбайұлы, адам
Хабарлама
INFO
Аида
Рахмет