Жастарға
Бұл бетте «Жастарға» атты Міржақып Дулатұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Найзаменен түртсе де,
Жатырмын, қазақ, оянбай.
Мұнша қалың ұйқыны
Бердің бізге, ой, Алла-ай!
Бар ма екен біздей ғафыл жұрт,
Атырафқа көз салсақ.
Көзі іскенше ұйқыға
Келе жатқан тоя алмай?
Етемін үміт жастардан,
Жаңа гүл шашқан бақшадай.
Мұрадын оңай кім табар,
Жар салып жұртқа қақсамай?
Халыққа, жастар, басшы бол!
Қараңғыда жетектеп.
Терең судан өтер ме,
Мың қойды серке бастамай?
керемет жазылған
Өте өте керемет
Не деген керемет өлең
өте керемет жазылған
керемет жазылган
Кушты ертең айтам
Күшті өлең екен ертең мектепте айтамын
Оян қазақ өлеңі ғой бұл
Міржақып Дулатұлының «Жастарға» өлеңі керемет!
Бұл өлең Міржақып Дулатұлының (Міржақып Дулатов) «Жастарға» атты туындысы. Алғаш рет 1907 жылы Санкт-Петербургте шыққан «Серке» газетінде жарияланған.