Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (28) Өлеңдер (5) Мақал-мәтелдер (6) Ұлағатты сөздер (1) Әзіл, анекдоттар (2)

Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:


"кемпір" тақырыбына байланысты Әзіл, анекдоттар

"кемпір" тақырыбына байланысты қазақша әзілдер мен анекдоттар жинағы. Мұнда "кемпір" ілмегіне қатысты қызықты әзілдер мен күлкілі оқиғалар ұсынылған.

Бір ауылда бір шал бәрін мазақтап, бәрімен қалжыңдасады екен. Бір күні сол шалдың Ақтөс деген иті өліп қалады. Ауылдағы жігіттер жиналып:
- Біз де барып қалжыңдайық. Иті өлгеніне көңіл айтып барайық - дейді.
Жігіттер жиналып барса, шал есік алдында отыр екен.
- Ата, итіңіздің арты жақсы болсын! - деп жігіттер шалды құшақтап көңіл айтыпты. Сонда шал:
- Әй, кемпір, шай қой, Ақтөстің достары келді! - депті.

Ілмектер: ит, шал, кемпір, қалжың
WhatsApp Telegram

Шалмен кемпірдің жаңа түскен келіні есік алдын сыпырмайды екен. Шалмен кемпір өзара келісіп екеуміз таласайық сен “мен сыпырамын” де, мен “жоқ мен сыпырамын” дейін мүмкін келін ұялғаннан мен сыпырамын дейтін шығар депті. Сөйтіп шалмен кемпір сыпырғыны алып таласа бастапты. Мұны көрген келіні келіп “не болды неге таласып жатырсыздар, бір күн сіз сыпырыңыз, бір күн енем сыпырсын” деген екен.

Ілмектер: келін, шал, кемпір, мен, сен
WhatsApp Telegram