Үш науқас
Ілмектер: Анекдот, Әзіл әңгіме
Бір күні ауруханаға жұмыс сапасын, адамдардың ауруынан айығуының қандай деңгейде екенін көру үшін арнайы тексеру үшін мамандар жіберіледі.Тексеріс кезінде науқастарға жауапты адам жол көрсетіп, бір бөлмеге кіреді. Бұл бөлмеде үш псих отырады.
-Міне, біздің ауруынан айығып келе жатқан науқастарымыз.
-Ал,енді бұны,қарап көрейік,қазір...- деп, отырған үш адамға бұрылады.Үшеуі де жан-жағына жалтақтап қарай береді. Біріншісіне сұрақ қойғалы жатып, сұрағын іштей ойланып: «Көбейтуден қойсам ба екен? Жо-жоқ, ең оңайы қосудан сұрақ қойып көрейін»,- деп:
-Екіге екіні қосқанда неше болады? - дейді. Сонда бірінші науқас:
-Он мың болады - дейді тістерін ақсита көрсетіп. Тексеруші:
-Аа, солай ма, әйтеуір, цифр айттың ғой. Ал енді сені көрейік. Екіге екіні қосқанда неше болады? - деп сұрағын қайталайды.
-Ол да сөз боп па, қазір, ы-ы-ы-ы...О,таптым!- «Сәрсенбі» шығады деп жауап береді.
-Иә, сіздерің емдеуде қандай дәрежеде екені және науқастардың халі де нашар екені көрініп тұр, оны айтпаса да белгілі! - деп сөзін қадап-қадап айтты. Жауапты адам:
-Енді, қолымыздан келгенше барлық амалын жасап жатырмыз.
-Жарайды, енді үшінші науқасымызды көрейік - деп оған да сұрағын қайталайды.
-Төрт шығады!- деп, бірден жауап береді. Бәрі таңырқай қарап, одан үміт күткендей, ауруынан айығып келе жатқанына көзі жеткендей қуанып кетеді.
-Оны сен қалай таптың?- дей бергенде, науқас теңселіп отырып:
-Енді дұрыс емес пе? Он мыңға сәрсенбі қосқанда төрт шықпай ма? - депті тексерушінің бетіне жымия қарап!
Дәрігер науқасқа:
Ілмектер: дәрігер, тіс дәрігері, науқас, алтын, алтын тіс, тіс
— Сіздің құрттаған тістеріңізді емдеу үшін, мына алтын тісіңізді жұлу керек.
— Неге?
— Енді, емнің ақшасын кім төлейді?
Бір күні мұғалім сыныптағы оқушыларына жақсы адам болу, адамдарға жақсылық жасау туралы айтып, тәрбие сағатын өткізеді. Ертеңіне бір оқушысы қолын көтеріп:
Ілмектер: мұғалім, жақсылық жасау
- Апай, мен кеше көзі көрмейтін кісіні жолдан өткізіп жібердім,- дейді. Мұғалім:
- Бәрекелді, жарайсың Мақсат!- деп мақтайды. Оның артынша тағы бір оқушысы қолын көтереді де:
- Апай мен кеше Мақсатқа әлгі соқыр кісіні жолдан өткізуге көмектестім, -дейді. Апай:
- Неге, Мақсат өзі өткізе алмас па еді?
- Жоқ, ол кісі жолдан өткісі келмеді, біз оны мәжбүрлеп өткіздік,- деген екен.
Бір кісі дәріханаға келіп былай деп сұрайды:
Ілмектер: дәріхана, ацетилсалицил, аспирин
- Сізде Ацетилсалицил қышқылы бар ма?
- Аспирин ба? Иә, бар.
- Иә, иә, аспирин беріңізші. Атын ұмытып қала берем.
Жұмысшы бастығына келіп: «Шұғыл түрде менің жалақымды көтеріңіз. Әйтпесе менің соңымнан қалмай жүрген фирмалар бар, мені таппай қалуыңыз мүмкін» дейді. Бастығы «Ол қандай фирмалар?» - деп сұрағанда, жұмысшы қалтасынан пәтер шығындарының квитанциясын шығарып: «Электр энергиясы фирмасы, газ фирмасы, су фирмасы, қоқыс шығару фирмасы т.б.» деген екен.
Ілмектер: жалақы, Күлімдейік
— Жақан! Ә, Жақан! Ағаңның жасы сенен үлкен бе еді, кіші ме еді осы?
Ілмектер: аға, жас
— Ағай, мен екінші боп келдім.
Ілмектер: жарыс
— Неден?
— Жаяу жарыстан.
— Неше бала жарысып едіңдер?
— Болат екеуміз ғана!
— Қойбағаров, кәне сен айтшы. Алтыны беске көбейткенде қанша болады?
Ілмектер: математика, сабақ, оқушы, көбейту
— Отыз.
— Дұрыс-ақ! Ал бесті алтыға көбейткенде қанша болады деп ойлайсың?
— Онысын білмедім, ағай!
Аулада ойнап жүрген балалар бір-біріне әкелерінің өте жылдам екенін айтып мақтанып отырады. Біреуі: «Менің әкем садақ атса, нысанаға ұшқан жебеден бұрын жетіп барады» дейді. Екінші бала: «Сол да сөз боп па? Менің әкем тапанша атып, оқтан бұрын нысанаға жете алады» дейді. Сонда үшіншісі: «Ал менің әкем жұмыс уақыты 5-те біткенімен сағат 3-те үйде отырады»,- деген екен.
Ілмектер: әкелер, балалар
Бай бір бизнесмен өзінің бизнестегі ортағы, әрі досынан сұрайды:
Ілмектер: мода, бизнесмен, журнал, кіріс-шығыс
- Осы сенің кигенің қайыршының киіміне ұқсайды, ал әйелің болса әртістерше киінеді. Неге жақсырақ киінбейсің?
- Қайтейін енді, екеуміз де оқыған нәрсеміздің әсерінде қалудамыз.
- Бұл қалай болғаны?
- Ол мода журналдарын үзбей оқиды, ал мен болсам отбасымыздың кіріс-шығыс дәптерін оқимын, - деген екен.
Қожанасыр бір күні кілтін жоғалтып алады. Бақшада іздеп жүргенінде әйелі:
Ілмектер: кілт, Қожанасыр
– Кілтті қай жерге түсіріп алған едіңіз?-деп сұрайды. Қожа:
– Қай жерге түсіргенімді білсем іздеп жүрер медім?- депті.
Автобусқа отырған бір оқушы кондуктордан екі билет сатып алады. Кондуктор одан: «Балақай неге екі билет алдың?» деп сұрайды. Оқушы: «Біреуін жоғалтып алсам, екіншісін көрсетемін» - деп жауап береді. Кондуктор: «Ал екіншісін жоғалтып алсаң ше?» дегенінде бала: «Онда менде "проездной" бар» деп қалтасынан бір айға арналған жол жүру билетін көрсеткен екен.
Ілмектер: автобус, оқушы, кондуктор
Бір қарға аузындағы ірімшікті жей бергенінде, түлкі келіп:
Ілмектер: қарға, ірімшік, түлкі
— Қарға аға, әдемі даусыңмен ән шырқап жіберші,- дейді. Қарға аузындағы ірімшікті қанатына ыңғайлап қыстырады да:
— Түлкі бауырым, мен ондай ескіріп кеткен қулықтарға алданбаймын. Өйткені мен де қарға мен түлкі ертегісін оқығанмын, — деп жауап берген екен.
Ағарған шаш
Ілмектер: Ағарған шаш, шаш, Мектеп, бала, әке, ата
Баласы қайта қайта бұзықтық жасап, мектепке шақырылған әкесі баласына қарап:
- Сен есейіп қалдың, енді ақылды бол балам! Сен еркелігіңді көрсетіп, бұзықтық жасаған сайын шашым ағаруда. Әкеңе жаның ашыса, енді гәрі ақымақ болма балам, жарай ма?! - дейді. Сонда баласы:
- Бәсе, неге атамның шашы аппақ десем, атама жаныңыз ашымаған екен ғой, - деген екен.
Профессор
Ілмектер: Профессор, студент, бақылау жұмысы
Дәрісханада бақылау жұмысы өтіп жатады. Кезекті бір студент жұмысын тапсырғалы тұрғанда оның қобалжып, абыржыған түрін көрген профессор: «Сіз неге соншама абыржып тұрсыз? Менің сұрақтарымнан қорқасыз ба?» - деп сұраса, студент: «Жоқ, мен өзімнің жауаптарымнан қорқып тұрмын», - депті.
Жағажайда демалыс
Ілмектер: Күлімдейік, дәрігер, жағажай
Баласы жұмыстан келген әкесіне қарап: «Әке, бүгін дәрігерге қаралдым. Маған “денсаулығың жақсаруы үшін бір ай жағажайда демалуың қажет” деді. Бұған не дейсіз әке, қайда барамыз?» - дейді. Сонда әкесі: «Басқа дәрігерге барамыз» деген екен.
Адамның күні адаммен, маймылдың күні бананмен.
Ілмектер: маймыл
Қыздар шіркін штангист ау шетінен
Ілмектер: Ардақ Жолдыбаева
Бес тоннаны көтеретін бетімен
"МЫСТАН КЕМПІР" елестейді көзіме
Баттастырған бояу көрсем бетінен
Асықпаған арбамен қоян алар,
Ілмектер: асықпа өлеңі
Еріккен тырнағын бояп алар
Бір күні бір кісі, Технодом желі дүкенінен Iphone 7 сатып алыпты (ол кезде жаңадан шыққан кезі болатын), ұялы телефонды джинсый ның артқы қалтасына салып, жолға шығып такси ұстап тұрса, такси тоқтаған ғой енді, артқы есігін ашып отыра қалса бір нəрсе - қырт ете қалыпты, сүйтсе əлгі кісі қолын жайып "Я Алла, омыртқам болса екен", депті!
Ілмектер: Технодом, дүкен
Қожанасыр етікшіге барып, етік тіктіріпті. Дайын болғанында етікші Қожанасырға «бір аптадай аздап қысып жүруі мүмкін, одан кейін түсіп кетеді» дейді. Қожанасыр үйіне келіп, етікті әйеліне береді де: «Мынаны бір жерге сақтап қой, бір аптадан кейін бересің, әйтпесе аяғымды қысады екен» депті.
Ілмектер: Қожанасыр, етікші, етік
Астанадан Алматыға қатынайтын ұшақта бір кісі жанында отырған әйелге көп білетіндігін паш ете отырады. Көп білетіндігін көрсетем деп, мақтанудың ырқына кіріп кеткендігі соншалық, бірде жанындағы әйелге ойын ойнауды ұсынады. «Сізге сұрақ қоямын, жауабын таппасаңыз маған 500 теңге бересіз, содан кейін сіз сұрақ қоясыз мен жауабын таппасам сізге 5000 теңге беремін» дейді. Әлгі әйел келіседі. «Ай мен жер арасындағы қашықтық қанша км?» дейді. Әйел үндеместен әмиянынан 500 теңге шығарып береді. Енді сұрақ қою кезегі әйелге келеді. «Тауға 3 аяқпен өрмелеп шығып, 4 аяқпен жерге түсетін не?» дейді. Әлгі кісі ары ойланып, бері ойланып, таба алмайды. Әмиянынан 5000 теңге шығарып береді. Әйел ақшаны әмиянына салып жатқанда әлгі кісі «жаңағы сұрақтың жауабы не?» дейді. Әйел тағы да үндеместен әлгі кісіге 500 теңге беріпті.
Ілмектер: тапқырлық, сұрақ
Құлағына сырға таққан, аздап боянған, шашы ұзын жас жігіт автобусқа мінеді. Келесі аялдамадан түспекші болған қарт әже: «Қызым шетке тұрасың ба, өтіп кетейін» дейді. Әлгі жігіт: «Апа, мен қыз емеспін» дейді. Кәрі апаның сол сәттегі сөзі автобустағыларды ду күлкіге қалдырған екен: «Ойбу байғұс-ау, жастайыңнан жесір қалғанбысың?» деген екен.
Ілмектер: ақкөңіл, апа
Бір күні жануартану пәнінің мұғалімі оқушыларға сұрақ қояды.
Ілмектер: жануар, Мұғалім, жануартану, сабақ
- Африкада мекендейтін 5 жануарды атаңдар,- депті.
Сонда бір бала атып тұрып «2 піл, 3 жираф» деген екен.
Тiс дәрiгерi емделушiге күмiлжи қарап:
Ілмектер: Көз дәрiгерi, Тiс дәрiгерi, Көз, Тiс, Дәрiгер
- Кешiрiңiз, мен сiздiң сау тiсiңiздi жұлып тастаған сияқтымын. Ендi ауру тiсiңiздi тағы жұлуға тура келедi, -дейдi.
Емделушi қан түкiрiп тұрып, қуанғанын жасыра алмай:
- Көз дәрiгерi болмағаныныз қандай жақсы болды! – депті.
Суық шай
Ілмектер: Суық шай, Қожанасыр
Қожанасыр бір күні шайханаға келіп «суық шай бар ма?» дейді. Шайханашы таңырқап қарап «жоқ» дейді. Қожекең екінші күні тағы келіп «суық шай бар ма?» деп сұрайды. Шайханашы «жоқ әрине, бізде үнемі шай ысып тұрады» дейді. Үшінші күні шайханашы Қожекеңнің келетінін ойлап, оған арнайы шай суытып қояды. Қожекең келіп «суық шай бар ма?» дегенінде, шайханашы «бар, сізге арнайы дайындап қойдым» дейді. Сонда Қожекең «Онда ысытып әкел, шай ішейік» деген екен.
Французша сабақтан қиналып жүрген оқушысын жігерлендірмек болған мұғалімі: «Сабаққа бұрынғыдан көбірек ден қойып, құлшыныс көрсетсең, сенің бұл сабақты жақсы меңгере алатыныңа сенімдімін, тіпті көретін түстеріңе дейін французша болған күні бес алатын боласың» дейді. Ертеңіне оқушысы аласұрып, ентігіп мұғаліміне жүгіріп келеді: «Апай бүгін түс көрдім, адамдардың бәрі французша сөйлеп жүр екен» дейді. Мұғалімі күлімдеп: «Тамаша, олар не деп жатыр екен?» деп сұрайды. Иығын жоғары көтерген бала: «Білмедім, бірде-бір сөздерін түсінбедім» деген екен.
Ілмектер: сабақ, оқушы, Мұғалім, французша
2-сынып, қазақ тілі сабағында мұғалім ішінде «п» әрпі бар сөз айтыңдаршы депті. Арт жақтағы парталардың бірінен қолын көтерген бала: «қазан» дейді. Мұғалім: «қазанның қай жерінде п әрпі бар еді?» дейді. Сонда оқушы: «қақпағында» деген екен.
Ілмектер: қазан, Мұғалім, сөз, П әрпі, қақпақ
Бір кісі базарда сауда жасап тұр:
Ілмектер: базар, сауда
- Мынау не?
- Алма.
- Маған бір келісін беріңіз және әр талын жеке-жеке орап беріңіз.
- Мынау не?
- Жаңғақ.
- Бұдан да бір келі беріңіз және әр талын орап беріңіз.
- Ал мынау не?
- Мейіз ғой, бірақ ол сатылмайды.
- Ата, осы сіз ғой феодализм кезінде де, енді, міне, капитализм де өмір сүріп келесіз. Шыныңды айтыңызшы, қай заманда өмір сүрген жақсы екен?
Ілмектер: заман, ата, бала, анекдот, күлдіргі әңгімелер
- Е, несін айтасың балам, бай болсаң - феодализмде, кедей болсаң - социализмде, ұры болсаң - капитализмде өмір сүрген жақсы депті атасы.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі