Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
Мұнда "сабақ" ілмегіне қатысты қызықты әзілдер мен күлкілі оқиғалар ұсынылған.
Биология сабағы.
Ілмектер: биология, сабақ, Мұғалім
— Өмірбаев, қаңқа не үшін қажет?
— Тері түсіп қалмау үшін, апай.
— Қойбағаров, кәне сен айтшы. Алтыны беске көбейткенде қанша болады?
Ілмектер: математика, сабақ, оқушы, көбейту
— Отыз.
— Дұрыс-ақ! Ал бесті алтыға көбейткенде қанша болады деп ойлайсың?
— Онысын білмедім, ағай!
Бір күні жануартану пәнінің мұғалімі оқушыларға сұрақ қояды.
Ілмектер: жануар, Мұғалім, жануартану, сабақ
- Африкада мекендейтін 5 жануарды атаңдар,- депті.
Сонда бір бала атып тұрып «2 піл, 3 жираф» деген екен.
Французша сабақтан қиналып жүрген оқушысын жігерлендірмек болған мұғалімі: «Сабаққа бұрынғыдан көбірек ден қойып, құлшыныс көрсетсең, сенің бұл сабақты жақсы меңгере алатыныңа сенімдімін, тіпті көретін түстеріңе дейін французша болған күні бес алатын боласың» дейді. Ертеңіне оқушысы аласұрып, ентігіп мұғаліміне жүгіріп келеді: «Апай бүгін түс көрдім, адамдардың бәрі французша сөйлеп жүр екен» дейді. Мұғалімі күлімдеп: «Тамаша, олар не деп жатыр екен?» деп сұрайды. Иығын жоғары көтерген бала: «Білмедім, бірде-бір сөздерін түсінбедім» деген екен.
Ілмектер: сабақ, оқушы, Мұғалім, французша
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі