— Қойбағаров, кәне сен айтшы. Алтыны беске көбейткенде қанша болады? — Отыз. — Дұрыс-ақ! Ал бесті алтыға көбейткенде қанша болады деп ойлайсың? — Онысын білмедім, ағай! Ілмектер: математика, сабақ, оқушы, көбейту Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
— Қойбағаров, кәне сен айтшы. Алтыны беске көбейткенде қанша болады? — Отыз. — Дұрыс-ақ! Ал бесті алтыға көбейткенде қанша болады деп ойлайсың? — Онысын білмедім, ағай!
Французша сабақтан қиналып жүрген оқушысын жігерлендірмек болған мұғалімі: «Сабаққа бұрынғыдан көбірек ден қойып, құлшыныс көрсетсең, сенің бұл сабақты жақсы меңгере алатыныңа сенімдімін, тіпті көретін түстеріңе дейін французша болған күні бес алатын боласың» дейді. Ертеңіне оқушысы аласұрып, ентігіп мұғаліміне жүгіріп келеді: «Апай бүгін түс көрдім, адамдардың бәрі французша сөйлеп жүр екен» дейді. Мұғалімі күлімдеп: «Тамаша, олар не деп жатыр екен?» деп сұрайды. Иығын жоғары көтерген бала: «Білмедім, бірде-бір сөздерін түсінбедім» деген екен. сабақ, оқушы
Бірге тұратын төрт студент математикадан болатын емтиханға ұйықтап қалады. Профессорға барып көліктерінің дөңгелегі жарылып қалғандығынан емтиханға кешіккендерін айтып, төртеуі үшін қайта емтихан алуын өтінеді. Профессор келіседі. Ертеңіне төртеуін аудиторияның төрт бұрышына отырғызады. Бірінші мен екінші сұраққа 15 балдан қоятынын, ал үшінші сұраққа дұрыс жауап берсе 70 бал қоятынын айтады. Емтихандағы ең қызық және ең қиын үшінші сұрақ болатын: «Көліктің қай дөңгелегі жарылды?..» дөңгелек, Профессор
Бір күні жануартану пәнінің мұғалімі оқушыларға сұрақ қояды. - Африкада мекендейтін 5 жануарды атаңдар,- депті. Сонда бір бала атып тұрып «2 піл, 3 жираф» деген екен. жануар, Мұғалім
Оқушы сабақ айтып болған соң: - Мен бұл бағаға лайық емеспін, - дейді. Ұстаз: - Ренжімеңіз, бұдан төмен баға жоқ. оқушы, сабақ
Биология сабағы. — Өмірбаев, қаңқа не үшін қажет? — Тері түсіп қалмау үшін, апай. биология, сабақ
Бір тойда асаба былай деген екен: Құрметті той қонақтары, алдарыңызға ас қойдық, екі қолды бос қойдық. Алдарыңыздағы асты кезінде ата-бабаларымыз немісті қалай қырса солай жапыра жеп отырыңыздар! Содан той бітеді. Бір кемпір қолында тырсыйған екі көк пакет шығып бара жатыр дейді. Асаба: - Әже,мынауыңыз не? Кемпір: - Е, қарағым, бұлар пленге түскен немістер ғой-депті )) асаба, әже
«Қойшының таяғынан, келіннің аяғынан» деген мақалды қалай түсінуге болады? - Дұрыс қой, қойын ұрласаң, қойшы таяғымен ұрады. Таңертең шай қой десең келін аяғымен ұрады. қойшы, келін
Асықпаған арбамен қоян алар, Еріккен тырнағын бояп алар асықпа өлеңі
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі