Биология сабағы. — Өмірбаев, қаңқа не үшін қажет? — Тері түсіп қалмау үшін, апай. Ілмектер: биология, сабақ, Мұғалім Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Биология сабағы. — Өмірбаев, қаңқа не үшін қажет? — Тері түсіп қалмау үшін, апай.
Французша сабақтан қиналып жүрген оқушысын жігерлендірмек болған мұғалімі: «Сабаққа бұрынғыдан көбірек ден қойып, құлшыныс көрсетсең, сенің бұл сабақты жақсы меңгере алатыныңа сенімдімін, тіпті көретін түстеріңе дейін французша болған күні бес алатын боласың» дейді. Ертеңіне оқушысы аласұрып, ентігіп мұғаліміне жүгіріп келеді: «Апай бүгін түс көрдім, адамдардың бәрі французша сөйлеп жүр екен» дейді. Мұғалімі күлімдеп: «Тамаша, олар не деп жатыр екен?» деп сұрайды. Иығын жоғары көтерген бала: «Білмедім, бірде-бір сөздерін түсінбедім» деген екен. сабақ, оқушы
Бір күні жануартану пәнінің мұғалімі оқушыларға сұрақ қояды. - Африкада мекендейтін 5 жануарды атаңдар,- депті. Сонда бір бала атып тұрып «2 піл, 3 жираф» деген екен. жануар, Мұғалім
Оқушы сабақ айтып болған соң: - Мен бұл бағаға лайық емеспін, - дейді. Ұстаз: - Ренжімеңіз, бұдан төмен баға жоқ. оқушы, сабақ
— Қойбағаров, кәне сен айтшы. Алтыны беске көбейткенде қанша болады? — Отыз. — Дұрыс-ақ! Ал бесті алтыға көбейткенде қанша болады деп ойлайсың? — Онысын білмедім, ағай! математика, сабақ
Бір тойда асаба былай деген екен: Құрметті той қонақтары, алдарыңызға ас қойдық, екі қолды бос қойдық. Алдарыңыздағы асты кезінде ата-бабаларымыз немісті қалай қырса солай жапыра жеп отырыңыздар! Содан той бітеді. Бір кемпір қолында тырсыйған екі көк пакет шығып бара жатыр дейді. Асаба: - Әже,мынауыңыз не? Кемпір: - Е, қарағым, бұлар пленге түскен немістер ғой-депті )) асаба, әже
«Қойшының таяғынан, келіннің аяғынан» деген мақалды қалай түсінуге болады? - Дұрыс қой, қойын ұрласаң, қойшы таяғымен ұрады. Таңертең шай қой десең келін аяғымен ұрады. қойшы, келін
Асықпаған арбамен қоян алар, Еріккен тырнағын бояп алар асықпа өлеңі
Баяғыда біреу той жасапты, тойға көп кісі жиналыпты, Қожа да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожанасырды ешкім елемепті. «Төрге шық, тамақ іш», - демепті. Қожа үйден шығып кетеді де үйіне барып, тәуір киімдерін киіп, қайта келеді. Бұл жолы үй иесі Қожанасырды құрметтейді, төрден орын береді, ет келгенде: - Қожеке, алыңыз, алыңыз! - деп, қошеметтейді. Қожа етті жемей, табаққа шапанының жеңін малып: - Же, шапаным, же! - деп, отыра береді. Үй иесі: - Сіздің бұ не қылғаныңыз? Шапан ет жейтін бе еді? - дейді. Сонда Қожа: - Сен кісіні сыйламайды екенсің, киімді сыйлайды екенсің. Сондықтан шапаныма жегізіп отырғаным! - деп, жауап береді. Қожанасыр, шапан
Хабарлама
INFO
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі