— Жақан! Ә, Жақан! Ағаңның жасы сенен үлкен бе еді, кіші ме еді осы? Ілмектер: аға, жас Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
— Жақан! Ә, Жақан! Ағаңның жасы сенен үлкен бе еді, кіші ме еді осы?
Жақсы
Ағарған шаш Баласы қайта қайта бұзықтық жасап, мектепке шақырылған әкесі баласына қарап: - Сен есейіп қалдың, енді ақылды бол балам! Сен еркелігіңді көрсетіп, бұзықтық жасаған сайын шашым ағаруда. Әкеңе жаның ашыса, енді гәрі ақымақ болма балам, жарай ма?! - дейді. Сонда баласы: - Бәсе, неге атамның шашы аппақ десем, атама жаныңыз ашымаған екен ғой, - деген екен. Ағарған шаш, шаш
Қожанасыр жолда келе жатып жаңғақ ағашының астына көлеңкелеп отырады. Ағаштың маңында асқабақ бақшасы бар еді. Қожа: «Мына табиғаттың қызығын-ай асқабақтың сабағы кіп-кішкентай бірақ жемісі менің қапшығымдай үп-үлкен. Ал мына діңгегі қалың еңгезердей ағаштың жемісі болса есектің көзінен де кіп-кішкентай» деп іштей ойлайды. Ол осылай ойлап отырғанында басына тарс етіп бір жаңғақ түседі. Шекесі қызарып қалған қожа жаңғаққа бір, асқабаққа бір қарап: «Тәубә, сөзімді кері алдым. Астында отырған мына ағаш асқабақ ағашы болғанда қайтер едім» деген екен. Қожанасыр, ағаш
Тойға дейінгі жағдай: жігіт: - мә , бұл күнді қанша күттім а.? қыз: - мүмкін кетуім керек шығар.? жігіт: - оны ойыңа да алма! қыз: - мені ұнатасыңба? жігіт: - әрине, жаным. қыз: - менің көзіме шөп саласыңба? жігіт: - ешқашан! қыз:- ернімнен сүйесің бе? жігіт: - иә, әрине. қыз: - маған қол көтересіңбе? Ал тойдан кейінгі жағдай - диалогты төменнен жоғары қарай оқыңыз! жас-жұбай
- Мына жастарды түсіну қиын болып кетті, қарашы мыналарға. Анау тұрған қыз еркекке ұқсайды ғой? - Иә, ұқсайды. Өйткені ол қыз емес, менің ұлым. - Ой, кешірерсіз. Әкесі екеніңізді білмей қалыппын! - Тағы қателестіңіз. Мен әкесі емеспін, шешесімін... Жастар
Студент экзаменге келіпті. Мұғалімнің столына бір коробка конфет қойыпты.Мұғалім: -Жақсы үш Студент бір коробка торт шығарғанда. Мұғалім: -Жақсы төрт Содан кейін студент қымбат бір қалам шығарғанда: -жақсы бес, зачеткаңызды беріңіз -депті де, сол ручка мен бағасын қойып беріпті. Студент стөлге қойған барлық затты қайтып жинап алып: -Жақсы, енді барып физикамды қойдырып, алайын - деп кетіп қалыпты. студент, экзамен
Бір күні мұғалім сыныптағы оқушыларына жақсы адам болу, адамдарға жақсылық жасау туралы айтып, тәрбие сағатын өткізеді. Ертеңіне бір оқушысы қолын көтеріп: - Апай, мен кеше көзі көрмейтін кісіні жолдан өткізіп жібердім,- дейді. Мұғалім: - Бәрекелді, жарайсың Мақсат!- деп мақтайды. Оның артынша тағы бір оқушысы қолын көтереді де: - Апай мен кеше Мақсатқа әлгі соқыр кісіні жолдан өткізуге көмектестім, -дейді. Апай: - Неге, Мақсат өзі өткізе алмас па еді? - Жоқ, ол кісі жолдан өткісі келмеді, біз оны мәжбүрлеп өткіздік,- деген екен. мұғалім, жақсылық жасау
Жағажайда демалыс Баласы жұмыстан келген әкесіне қарап: «Әке, бүгін дәрігерге қаралдым. Маған “денсаулығың жақсаруы үшін бір ай жағажайда демалуың қажет” деді. Бұған не дейсіз әке, қайда барамыз?» - дейді. Сонда әкесі: «Басқа дәрігерге барамыз» деген екен. Күлімдейік, дәрігер
Әрбір шеккен темекі өмірімізді екі сағатқа қысқартады, әрбір ішкен арақ өмірімізді үш сағатқа қысқартады, ал әрбір жұмыс күні өмірімізді сегіз сағатқа қысқартады. өмір, темекі
Хабарлама
INFO
Жақсы