Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (6) Өлеңдер (2) Мақал-мәтелдер (16) Ұлағатты сөздер (1) Әзіл, анекдоттар (2)

Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:


"қазан" туралы Әзіл, анекдоттар

"қазан" туралы қазақша әзілдер мен анекдоттар.

2-сынып, қазақ тілі сабағында мұғалім ішінде «п» әрпі бар сөз айтыңдаршы депті. Арт жақтағы парталардың бірінен қолын көтерген бала: «қазан» дейді. Мұғалім: «қазанның қай жерінде п әрпі бар еді?» дейді. Сонда оқушы: «қақпағында» деген екен.

Ілмектер: қазан, Мұғалім, сөз, П әрпі, қақпақ
WhatsApp Telegram

Өлген қазан
Қожанасыр қонақ шақыратын болып көршісінен үлкен қазанын сұрап алыпты. Ертеңіне қазанын әкетуге келген көршісі жуулы қазанының қасында өзінікіне ұқсаған кіші қазанның да тұрғанын көреді. Қожанасыр қалжыңдап: «Түнде толғатып қазаның босанды» дейді. Көршісі еш кідірместен: «Ә бәрекелді, жақсы болған екен» деп екеуін де алып кетеді. Келесі жолы қонақ шақырғанында Қожанасыр әлгі көршісінің қазанын тағы сұрап алады. Бұл жолы қазанын әкетуге келген көршісіне Қожекең: «Қазаның жоқ, қазаның түнде толғатып жатып өліп қалды» дейді. Көршісі ашуланып: «Қазан өлуші ме еді, басымды қатырма, қазанымды бер» дейді. Сонда Қожекең: «Толғатып тағы бір қазан туғанына сенген адам, өлгеніне де сенуі тиіс» деген екен.

Ілмектер: Өлген қазан, Қожанасыр, қазан, көрші
WhatsApp Telegram