Емтиханнан кейін: - Тапсырдың ба? - Тапсырған сияқтымын. - Не сұрады? - Өзім түсінбедім. Ағылшын тілінде сұрады ғой. Ілмектер: Ағылшын тілі, емтихан, ағылшын Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Емтиханнан кейін: - Тапсырдың ба? - Тапсырған сияқтымын. - Не сұрады? - Өзім түсінбедім. Ағылшын тілінде сұрады ғой.
Білгір мен Дымбілмес емтихан тапсыруға келеді. Алдымен білгір кіреді. Оған қойылған сұрақтар: —Суға батып бара жатқан адамды көрсең, не істейсің? — Арқан жіберіп, құтқарып қаламын. — Досың пойызбен алыс жолға кетіп бара жатса, не істейсің? — "Қош бол!" деп шығарып саламын. — Төбелесіп жатқан балаларды көрсең, не істейсің? — Татуластырып жіберемін. — Сүт алуға кезекте тұрған адамдарды көрсең не істейсің? — Кезекке тұрып, кезегім келгенде сүт сатып аламын. Бұл жауаптардың бәрін Дымбілмес естіп, өзінше жаттап алады. — Суға батып бара жатқан адамды көрсең, не істейсің? — "Қош бол!" деп шығарып саламын. — Досың пойызбен алыс жолға кетіп бара жатса, не істейсің? — "Арқан жіберіп", құтқарып қаламын. — Төбелесіп жатқан балаларды көрсең, не істейсің? — Кезекке тұрып, кезегім келгенде төбелесемін. — Сүт алуға кезекте тұрған адамдарды көрсең не істейсің? — Татуластырып жіберемін. Білгір, Дымбілмес
Бірге тұратын төрт студент математикадан болатын емтиханға ұйықтап қалады. Профессорға барып көліктерінің дөңгелегі жарылып қалғандығынан емтиханға кешіккендерін айтып, төртеуі үшін қайта емтихан алуын өтінеді. Профессор келіседі. Ертеңіне төртеуін аудиторияның төрт бұрышына отырғызады. Бірінші мен екінші сұраққа 15 балдан қоятынын, ал үшінші сұраққа дұрыс жауап берсе 70 бал қоятынын айтады. Емтихандағы ең қызық және ең қиын үшінші сұрақ болатын: «Көліктің қай дөңгелегі жарылды?..» дөңгелек, Профессор
Филология факультетінің үшінші курсында оқитын спорт шебері емтихан тапсырып отырса керек. - Айналайын, ең болмаса қарапайым сұраққа жауап берші! Лев Толстой деген классикті білесің бе? - Ағай-ау, мен классикамен емес, еркін күреспен айналысамын ғой... Филология, емтихан
Бір студент емтихан тапсырып жатыр екен. Мұғалім: — Екі жыртқыш аңды ата, — депті. Студент: — Арыстан, жолбарыс. Мұғалім: — Енді бес жыртқыш аңды ата, — депті. Студент: — Екі арыстан, үш жолбарыс… Арыстан, емтихан
Бір тойда асаба былай деген екен: Құрметті той қонақтары, алдарыңызға ас қойдық, екі қолды бос қойдық. Алдарыңыздағы асты кезінде ата-бабаларымыз немісті қалай қырса солай жапыра жеп отырыңыздар! Содан той бітеді. Бір кемпір қолында тырсыйған екі көк пакет шығып бара жатыр дейді. Асаба: - Әже,мынауыңыз не? Кемпір: - Е, қарағым, бұлар пленге түскен немістер ғой-депті )) асаба, әже
«Қойшының таяғынан, келіннің аяғынан» деген мақалды қалай түсінуге болады? - Дұрыс қой, қойын ұрласаң, қойшы таяғымен ұрады. Таңертең шай қой десең келін аяғымен ұрады. қойшы, келін
Асықпаған арбамен қоян алар, Еріккен тырнағын бояп алар асықпа өлеңі
Баяғыда біреу той жасапты, тойға көп кісі жиналыпты, Қожа да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожанасырды ешкім елемепті. «Төрге шық, тамақ іш», - демепті. Қожа үйден шығып кетеді де үйіне барып, тәуір киімдерін киіп, қайта келеді. Бұл жолы үй иесі Қожанасырды құрметтейді, төрден орын береді, ет келгенде: - Қожеке, алыңыз, алыңыз! - деп, қошеметтейді. Қожа етті жемей, табаққа шапанының жеңін малып: - Же, шапаным, же! - деп, отыра береді. Үй иесі: - Сіздің бұ не қылғаныңыз? Шапан ет жейтін бе еді? - дейді. Сонда Қожа: - Сен кісіні сыйламайды екенсің, киімді сыйлайды екенсің. Сондықтан шапаныма жегізіп отырғаным! - деп, жауап береді. Қожанасыр, шапан
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі