Өлең, жыр, ақындар

Анекдот, әзілдер, қазақша анекдоттар

Білгір мен Дымбілмес емтихан тапсыруға келеді. Алдымен білгір кіреді. Оған қойылған сұрақтар:
—Суға батып бара жатқан адамды көрсең, не істейсің?
— Арқан жіберіп, құтқарып қаламын.
— Досың пойызбен алыс жолға кетіп бара жатса, не істейсің?
— "Қош бол!" деп шығарып саламын.
— Төбелесіп жатқан балаларды көрсең, не істейсің?
— Татуластырып жіберемін.
— Сүт алуға кезекте тұрған адамдарды көрсең не істейсің?
— Кезекке тұрып, кезегім келгенде сүт сатып аламын.
Бұл жауаптардың бәрін Дымбілмес естіп, өзінше жаттап алады.
— Суға батып бара жатқан адамды көрсең, не істейсің?
— "Қош бол!" деп шығарып саламын.
— Досың пойызбен алыс жолға кетіп бара жатса, не істейсің?
— "Арқан жіберіп", құтқарып қаламын.
— Төбелесіп жатқан балаларды көрсең, не істейсің?
— Кезекке тұрып, кезегім келгенде төбелесемін.
— Сүт алуға кезекте тұрған адамдарды көрсең не істейсің?
— Татуластырып жіберемін.

Ілмектер: Білгір, Дымбілмес, емтихан

Пікірлер (1)

Дико

Бұл анекдот шынайы күлкі мен тапқыр ойды үйлестірген өте қызықты юмор! Білгірдің логикасы дұрыс әрі әділ жауап берсе, Дымбілмес сол жауаптарды шатастырып, күлкілі жағдайларға әкеледі — дәл осындай күтпеген бұрылыстар оқырманның көңілін көтереді.
Оқып отырып, адамның жағдайға қалай әртүрлі жауап беруі мүмкін екенін көріп, жай ғана күліп алмай, күлкі арқылы ойлануға да болады екен деген ой келді.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз


Басқа да бөлімдер: