Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Әзіл, анекдоттар (1)

"Дымбілмес" туралы Әзіл, анекдоттар

"Дымбілмес" туралы қазақша әзілдер мен анекдоттар жинағы. Мұнда "Дымбілмес" ілмегіне қатысты қызықты әзілдер мен күлкілі оқиғалар ұсынылған.

Білгір мен Дымбілмес емтихан тапсыруға келеді. Алдымен білгір кіреді. Оған қойылған сұрақтар:
—Суға батып бара жатқан адамды көрсең, не істейсің?
— Арқан жіберіп, құтқарып қаламын.
— Досың пойызбен алыс жолға кетіп бара жатса, не істейсің?
— "Қош бол!" деп шығарып саламын.
— Төбелесіп жатқан балаларды көрсең, не істейсің?
— Татуластырып жіберемін.
— Сүт алуға кезекте тұрған адамдарды көрсең не істейсің?
— Кезекке тұрып, кезегім келгенде сүт сатып аламын.
Бұл жауаптардың бәрін Дымбілмес естіп, өзінше жаттап алады.
— Суға батып бара жатқан адамды көрсең, не істейсің?
— "Қош бол!" деп шығарып саламын.
— Досың пойызбен алыс жолға кетіп бара жатса, не істейсің?
— "Арқан жіберіп", құтқарып қаламын.
— Төбелесіп жатқан балаларды көрсең, не істейсің?
— Кезекке тұрып, кезегім келгенде төбелесемін.
— Сүт алуға кезекте тұрған адамдарды көрсең не істейсің?
— Татуластырып жіберемін.

Ілмектер: Білгір, Дымбілмес, емтихан
WhatsApp Telegram