Өлең, жыр, ақындар

Serigaliev

  • Ұпайы: 12
  • Тіркелген уақыты: 15.08.2016 22:57
  • Соңғы кірген уақыты: 18.08.2016 17:13
  • Аты-жөні:
  • Жынысы:
  • Пікірлері саны: 0

Жариялағандары

Әзіл, анекдоттар

Қожанасыр қыстың күні арықтағы суға мысығын жуып отыр екен. Оны көрген көршісі, күн суықта жуғаның не өледі ғой депті. Көршісі бір айналып келсе Қожанасыр мысығым өліп қалды деп жылап отыр екен. Айттымғой саған күн суықта жусаң өледі деп дейді. Сонда Қожанасыр мен оны жуғаннан кейін тірі болатын сыққанда өлді депті.

Ілмектер: Қожанасыр

Тұмаумен ауыратын сағаттың ұзын тілі, түшкірген сайын 2 минут алға жылжып кетеді екен)

Ілмектер: Сағат, тұмау

"Бұл жолы көтермелеп қойып жатырмын. Келесі де оқымасан шын бағанды қоям" дейтн мұғалімдермiз аман болсын)))

Ілмектер: Мұғалімдер, мұғалім

Бір піл велосипед теуіп бара жатыпты. Сосын оған құмырсқа келіп
- Велигіңді бере тұршы бір айналып келейін-десе піл
- Ой қойшы онсызда дөңгелегінің желі аз-депті.

Ілмектер: Піл мен құмырсқа

Жирафтың азанда ішкен тамағы асқазанына кешке барады екен. Мойнымен жүргенше қай заман.

Ілмектер: Жираф

Қожанасыр бір танысының үйіне қонаққа барады. Үйдің иесі тұрып қалған нан мен бір табақ бал алып келеді. Қожанасыр қатқан нанға тісі өтпегеннен кейін, балды қасықпен алып жей бастайды. Оны көрген сараң үй иесінің көзі шыға жаздап:
- Ойбай, абайлаңыз! Бал нансыз желінетін болса адамның ішін күйдіріп жібереді, - дейді.
Қожанасыр балды жеп бітірген соң:
- Кімнің іші күйіп жатқанын бір құдай біледі, - деген екен.

Ілмектер: Қожанасыр

Ауылдағы апамыз етке шыбын тышып кетпесін деп барлық шыбындарға памперс кигізіп қойыпты.

Ілмектер: Ауылдағы апа

Тасбақа дүкенге барып тамақ алып қайтады, үйіне жетем дегенше алған тамақтарының мерзімі өтіп кетіпті.

Ілмектер: Тасбақа

Бір толык əйел фейримен жуынып жатыр екен. Содан үйiне кұрбысы келiп:
- Ей, сен жындысың ба, фейримен ыдыс жуады ғой?! - десе, жуынып жатқан əйел:
- Фейри майды кетiредi, - деп естiдiм дептi

Ілмектер: Толық әйел

Шал мен кемпірдің жаңа түскен келіні есік алдын сыпырмайды екен. Шал мен кемпір өзара келісіп екеуміз таласайық сен “мен сыпырамын” де, мен “жоқ мен сыпырамын” дейін мүмкін келін ұялғаннан мен сыпырамын дейтін шығар депті. Сөйтіп шал мен кемпір сыпырғыны алып таласа бастапты. Мұны көрген келіні келіп “не болды неге таласып жатырсыздар, бір күн сіз сыпырыңыз, бір күн енем сыпырсын” деген екен.

Ілмектер: Шал мен Кемпір

Бұрында бiр ұйғыр бiр жұмыс орнына барып сұраған ғой: "Бұл жерде ұйғырлар жұмыс iстей ма?" деп, бастығы:
- Иә, - дептi.
Сонымен бiрнеше жерге барып дәл осылай сұрапты, бәрi: "Иә, жұмыс iстейдi" дептi. Соңында бiр жұмыс орынына барып сұраған ғой: "Бұл жерде ұйғырлар жұмыс iстей ма?" деп, сөйтсе: "Жоқ!" дептi.
Жiгiт сол жерге жұмысқа тұрыпты.
Бiрiншi күнi жұмыс iстемей отыра берiптi.
Екiншi күнi де жұмыс iстемей отыра бергенде бастығы келiп:
- Сен неге жұмыс iстемейсiң? - десе
- Басында мен сендерден сұрадым "ұйғырлар жұмыс iстей ма?" деп, сендер "жоқ" дедiңдер, - дептi.

Ілмектер: әзіл-қалжың

Бір күні екі ұлу кездесіп қалыпты. Біреуінің арқасында қабыршағы жоқ екен. Қабыршағы бар ұлу:
— Саған не болған? десе, екіншісі жасырын түрде:
— Тек ешкімге айтпа - мен үйден кетіп қалдым депті...

Ілмектер: әзіл-қалжың