Ақынға айтылған екі тілек

Бұл бетте «Ақынға айтылған екі тілек» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.03.2019
  • 0
  • 1
  • 6742
I
Кешір, ақын, бұл көрмедік кім деме,
Жынды ма өзі, бүйтіп қалай жүр деме.
Сүйем деген айтып берші сөзімді
Сүймей жүрген өзімді бір жеңгеме.
Ол тұрғанда ойым соқпас өңгеге,
Сенбейді екен бұл сөзіме ол неге?
Ақын тілі - шындық тілі деуші еді,
Айтып берші, айтып берші жеңгеме.
Ол жоқ жерде дүниені кең деме,
Мұңлы сырлар кетер сыймай кеудеме.
Ақын тілі - мұңның тілі деуші еді
Айтып берші, айтып берші жеңгеме.
Ол тұрғанда көзім түспес өңгеге,
Онсыз менің қасірет толар кеудеме.
Ақын тілі – ашық тілі деуші еді
Айтып берші, айтып берші жеңгеме.
II
Аңсағанда қыршын кеткен жарымды,
Жылай берем құшақтап жас қабырды.
Ақын тілі - жүрек тілі деуші еді,
Жырлап берші жырыңменен зарымды.
Адал еді, адам еді жалынды,
Жалынымен жылытатын жанымды.
Кете барды - ау, өте барды - ау жалғызым,
Қала бердім құшақтап мен қабырды.
Данам еді, панам еді айбынды,
От қанатым ойда жоқта қайырылды.
Ақын жыры - әмбеге ортақ деуші еді,
Жырлап берші жұртқа естірте қайғымды.
* * *
Домбырамды бекерге мен қақпадым,
Шертіп шықтым ғашық жүрек соққанын,
Көз жасыммен жазып бердім төгілген
Зарлы жастың, жарына айтар жоқтауын.

1959


Пікірлер (1)

Анар

Әбділдә Тәжібаевтың "Ақынға айтылған екі тілек" өлеңі – әрбір оқырманның жүрегіне жол табатын терең лирика. Қазақ әдебиетін сүйетін әрбір жанға бұл өлеңді оқуға кеңес беремін!

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақынға айтылған екі тілек өлеңінің авторы кім?

Әбділдә Тәжібаев — осы өлеңнің авторы.

Ақынға айтылған екі тілек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақынға айтылған екі тілек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбділдә Тәжібаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақынға айтылған екі тілек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері