Алатау – Әбділдә Тәжібаев

Бұл бетте «Алатау» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.02.2016
  • 0
  • 1
  • 6507
Ұқпаймын тілін теңіздің,
Таныған жоқпын тереңін.
Білмеймін сырын толқынның,
Білмеймін сырын кеменің!
Сүйемін туған тауымды,
Тәкаппар оның тұлғасын,
Бөгеген тентек дауылды,
Бүкпеген тізе мың ғасыр.
Киініп сауыт көк мұздан,
Жамылған қардан желеңін,
Ұшырып бүркіт шың, құздан,
Жаттатқан маған өлеңін.
Жатсам түнде дамылдап
Күзетімде ол тұр менің.
Тілегендей сыбырлап,
Тірлігімді бір менің.
Пердесін түннің ысырыіт,
Тұрғызады ол - таңды да,
Көтеріп күнді ұсынып,
Тартады менің алдыма!
*∙*∙*
Асам деп Алатауымнан
Қап-қара бұлттар келеді.
Демінен соғып қар, боран
Қанатын жая төнеді.
Күркірейді көк долы
Жалтылдатып семсерін.
Тосып тұр оның тау жолын
Кеудесін кернеп ер сенім.


Пікірлер (1)

Байжан

Керемет екен өлең

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алатау өлеңінің авторы кім?

Әбділдә Тәжібаев — осы өлеңнің авторы.

Алатау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алатау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбділдә Тәжібаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алатау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар