Ана-халық – Сайын Назарбекұлы

Бұл бетте «Ана-халық» атты Сайын Назарбекұлы жазған ана туралы өлең берілген.

  • 05.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1133
Бір үй толы жан едік бір кездерде,
Түтін шалқыр жарыла күлген кезде.
Анам тапты бәріне — нан, тұз, мейір,
Үш ұл, үш қыз — бой түзеп жүрген бізге.
Асырады анашым алты бала,
Ал бүгіндер табады жалқы ғана.
Ал сонан соң жауласып жалғызымен,
Көзі ашылмай сезім де сарқыла ма?
Менің елім балалы — Ана-халық
Жаудан қашқан тектілеу баланы алып.
Содан ба екен қазақтың келетіні
Кейде ерекше, кең пейіл, дана болып.
Бар бақытың аналар, халқым — алда,
Сенбе жалғыз өзімшіл жалқыларға.
Айналайын аналар бала — сезім,
Өздеріңді өздерің сарқып алма.

16.01.1994.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері