Сағыныш
Бұл бетте «Сағыныш» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Кезі болар адамның сағынатын,
Бірақ арман алыста не ғыласың…
Ауған шақта ниетің аңсарыңа,
Сағыныштың сезесің мағынасын.
Сағынғанда жарыңды төбеге шық,
Балтырыңды дымқылдап өбеді шық.
Сағынғанда аулыңды далаға кет,
Болсадағы қызығың қалада көп.
Бір қария, атаңдай, жолыққанда –
Жүрек соғар, елжіреп, толып қанға.
Жастық шақты сағынсаң амал бар ма,
Ол алынбас қалды ғой қамалдарда…
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі