Отаным менің! – Сайын Назарбекұлы

Бұл бетте «Отаным менің!» атты Сайын Назарбекұлы жазған отан туралы өлең берілген.

  • 03.02.2016
  • 0
  • 1
  • 7335
Алтын күн шуағын Көк Байрақ шашатын,
Жатсынбай әлемге құшағын ашатын,
Қазақтың терінен нер алған даласы -
Тәуелсіз бейбіт ел!.. Мәңгіге жасасын!..
Отаным сеземін өзіңмен
Шаттық пен бақыттың не екенін!
Сақ етіп, түркі деп, қазақ қып
Жаратқан ұлдарын мекенім!
Азаттық бесігі бөбегін тербеген,
Шынайы сезімге шомылды ел деген!
Болашақ күтеді бақ қонған ұрпақты -
Біліммен өрлеген!.. Еңбекпен терлеген!..
Отаным сеземін өзіңмен
Шаттық пен бақыттың не екенін!
Сақ етіп, түркі деп, қазақ қып
Жаратқан ұлдарын мекенім!
Мақсатты бүгіні, ғажайып ертеңі,
Шындыққа айналды қаншама ертегі!
Бірлік деп қазаққа, достық деп бар елге -
Әлемге жар сала домбырам шертеді!..
Отаным сезінем өзіңмен
Шаттық пен бақыттың не екенін!
Сақ етіп, түркі деп, қазақ қып
Жаратқан ұлдарын мекенім!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Айка

Керемет

Осы автордың басқа өлеңдері