Көкек – Әбділдә Тәжібаев

Бұл бетте «Көкек» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.02.2016
  • 0
  • 0
  • 7787
Бір қонып, бір секектеп,
Атым менің «көкек!»- деп.
Керек болса саған жаз
Келдім дейді жетектеп.
Қорықпандар жаз өтет деп,
Мен ғой келген жетектеп,
Тұрады жаз тамылжып,
Қойсам болды «көкек!»- деп.

Көкек ойы

Мен ұшпасам «көкек!» - деп
Жылыр еді күн қалай?
Мен ұшпасам «көкек!» - деп
Жібір еді жер қалай?
Тұрар ма еді жаз жайнап,
Жаяр ма еді жапырақ?
Шығар ма еді құс сайрап,
Ағар ма өзен сарқырап?

Көкектің түсі

Түсінде көкек көріпті:
Кенеттен өзі өліпті.
Көкекпен бірге өлем деп
Көктегі күн де сөніпті;
Әлемді түнек басыпты,
Адамзат, хайуан сасыпты.
Қозғалып таулар көшіпті,
Жұлдыздар үрке қашыпты.
Айналмай жер де қалыпты,
Ормандар отта жаныпты,
Теңіздер кеуіп кетіпті,
Қалдырып құмда балықты.
Түсінде көкек көріпті:
Тіріліп, есі еніпті.
«Көкек:» деп қалса бір рет,
Қалпына дүние келіпті.

Көкек айы өткенде

Көзі ашылды өңгенің
Көкек айы бітті де,
Өтті күні «мен - меннің!»
Жоғалтпадық түкті де.
Қыран қалқып тауда жүр,
Бұлбұл сайрап бауда жүр,
Үнсіз көкек қайда жүр?
Жыра менен сайда жүр!

1960


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көкек өлеңінің авторы кім?

Әбділдә Тәжібаев — осы өлеңнің авторы.

Көкек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көкек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбділдә Тәжібаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көкек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар