Адал дос – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Адал дос» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған достық туралы өлең берілген.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1600
Ес біліп келе жатқалы
Көргенім өмір шатқалы.
Қолтықтан демер қол ұшы,
Жоқ әсте мені тапқаны.
Не дейін ары тереңдей,
Қаламын дүбірге елендей.
Көңілдес менде жоқ әсте
Көмбеге сүйреп келердей.
Сонда да жолдан шықпадым,
Қиыннан қорқып бұқпадым.
Сүріне түсіп жүргенде
Әйтеуір менің ұққаным:
Жүрегің адал тон екен,
Тоңдырмас, тозбас сол екен.
Жықпайтын жарға ең адал
Дос деген – екі көл екен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Адал дос өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Адал дос өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Адал дос өлеңі не туралы?

Бұл шығарма достық туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Адал дос өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері