Бейімбет

Бұл бетте «Бейімбет» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.09.2021
  • 0
  • 0
  • 686
Көрінеді ылғи маған Би-ағаң
Бауырымдай бірге туған ұядан.
Тағдырына таразылық жасасам,
Тарихымның алдында мен ұялам.
Ол үйінде ұстаған жоқ тұс кілем,
Араз болған азулымен, тістімен.
Үндемепті –
Үйдей бәле тиеп ап,
Түйе жүріп жатса-дағы үстінен.
Сондай жанды ашық күнде кінәлап,
Іс жасадық орны толмас – бір ағат.
Осы ма еді өмірдегі өнеге,
Осы ма еді ұрпақтарға ұлағат!
Таланттыны тартпақтамай, күндемей,
Қолдың ұшын берді соған, кім кедей?!
– Ажал менмін, алам сені! – дегенде
Еріп жүре берген шығар үндемей.
Соңғы сөзін айта алмаған ақ көкем,
Қабырғаңа қандай қайғы батты екен?
Бәлеменен,
Дәнеңемен ісі жоқ,
Адал жанды қандай адам атты екен?!
Қайран аға –
Құлан-таза күнәдан,
Қасіреттің құдығына құлаған.
...Елестейді Бейімбеттің бейнесі,
Адал болса, момын болса бір адам!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бейімбет өлеңінің авторы кім?

Серік Тұрғынбеков — осы өлеңнің авторы.

Бейімбет өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бейімбет өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Тұрғынбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бейімбет өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері