Кілем – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Кілем» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.01.2021
  • 0
  • 0
  • 1409
Ақжамал Омаровадан

Кемпірқосақ нұр шашып кең бөлмемде,
Жас қанатын жайыпты жасыл бақша.
Орылмаған көк шалғын — көк өлең де.
Орнап қапты пышақтай, жас қияқта. 
Паркет толы өсіпті алуан гүл!
Алуан гүл!
Япыр-ау, бұл не сыр, бұл!
Терезеден сығалап,
Қалтырап дір,
Қызыл шұнақ далада қарлы аяз тұр.
Ызасына аяздың жүдеусіреп,
Көктемді үйге келтіріп берген ірең —
Төрімдегі екен ғой жібек кілем,
Бірде жасыл құбылып, бірде күрең.
Әуе айналып түскендей шақта аптап,
Кілем жайып, жайғасып, орын баптап,
Отырысқан үлкендер шай сораптап...
Кілемшілер еңбегін сөйлер мақтап.
Сондай сәтте жан-жақтан есіп самал,
Қоштағандай кеңесті бұлбұл сайрап,
Маужырап, жан тынығып, рақат табар,
Жібек желмен тыныстап барша аймақ.
Даңқы асқан кілемші құрбыларым,
Мен де сүйіп сендерді, жырға қостым.
Өнері тасып жас жандар, жаны жалын,
Еңбегінің жемісі гүлдей өссін.
Шығара бер, достарым, кілемге орап
Өлкеміздің өрнектеп өзен-көлін!
Шешек атқан секілді жасыл алап,
Елестетсін кең-байтақ Түрікмен жерін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кілем өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Кілем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кілем өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кілем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері