Мылжыңдар туралы аңыз – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Мылжыңдар туралы аңыз» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.08.2021
  • 0
  • 0
  • 638
Аңға шығып бір күні екі эстон,
Мылтық алып, ит ертіп,
орман кешкен.
Бір заматта кездескен ізді керіп,
Бір-біріне:
– Қоян!
– Иә, қоян! – дескен.
Осыдан соң екеуі екі жаққа,
Кетіп, орман шарлайды күн ұзаққа.
Кешке қарай қайтыпты ауылына
Ең арысы түспепті шіл тұзаққа.
Таңертеңгі із тағы ұшырасқан,
Орман кезіп күн бойы түсі қашқан.
Бір-біріне қарасып тұрып-тұрып:
– Қоян!
– Иә, қоян! – деп ажырасқан.
Жайланған соң үйінде асқа тойып,
Трубкасын жайымен сорып қойып.
Әйеліне бұл жәйді айтса бірі,
«Неткен мылжың едіңдер»
депті кейіп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мылжыңдар туралы аңыз өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Мылжыңдар туралы аңыз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мылжыңдар туралы аңыз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мылжыңдар туралы аңыз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері