Жаман жоқ әсте біреуге күнің түскеннен – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Жаман жоқ әсте біреуге күнің түскеннен» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 1218
Жаман жоқ әсте біреуге күнің түскеннен,
Зәредей зәрулік
Зауалдай зор бір күшке енген.
Сонда бүкіл өмірі тәуелді өткендердің күйін көр,
Тағдырын күткен қиылып құзыры үстемнен.
Тереңдеп әрі тобыр мен топқа мойын бұр,
Топта құзыр бар, тобырда қамытты мойын құр
Алладан аяу, адамнан қайыр безбенде,
Себеп пен салдар сарсаңға салған ойым тұр.
Себебі — күрек, салдары — жәйулі алақан,
Сананы солдырып, тығырыққа әкеп қамаған.
Япыр-ау сонда адам өмірі тұра ма
Тірліктен ылғи жыртық көңілді жамаған!
Күнде көрерің тағдырлар жүдеп, жабыққан,
Ғұмырын қарғап, тірлігін жалғап тарыққан.
«Қымбат қазынаң — адам!» деп жазды Ата заң
Биліктің қайсы тереңдеп мұны жаны ұққан?
Төбеңде тоқпақ,
Аузында қақпақ,
Азаматы егемен елдің,
Ұлың ұрлықшы,
Қызың жезөкше
Тірлігің күйкі
Ұйқы-тұйқы
Өміріңнің сыйқы
Күпсінген бей дауа-ау
Неңмен теңелдің?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаман жоқ әсте біреуге күнің түскеннен өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Жаман жоқ әсте біреуге күнің түскеннен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жаман жоқ әсте біреуге күнің түскеннен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жаман жоқ әсте біреуге күнің түскеннен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері