Сырғақ

Бұл бетте «Сырғақ» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 844
Көп шуылдақ не табар,
Билемесе бір кемел.
Абай

Білмеймін өзім дағы не үшін жүрмін,
Әйтеуір сордың селін кешіп жүрмін.
Құдайдан келген көрге төзесің ғой,
Қылығы қорламаса кесірлінің.
Сөзімен бөлінбейік, жарылмайық,
Өтейік сор селінен болып қайық.
Деп алып, сойыл соғар ұжым құрып,
Сырғақтап істе сөзден кетеді тайып.
Бұл күнде іс басында осындайлар,
Кісімсіп ел тұтқасы үкілі айдар,
Білгенге құлақ аспас, өзі білмес
Ұялас көп топасқа қанын қайнар.
Қайтесің жөн-жосығын білмей тұрса,
Қысас қып және ісінді кері бұрса.
Біреудің тілегі үшін көптің қамын
Құрбан ғып теріс бағып құдай ұрса.
Айтқаннан, ұялтқаннан түк өнбейді,
Тобының жоғын ғана түгендейді.
Жұлын күрт іштен үңгір сыпсың жымсық
Сиқырлап кей мықтыны жүгендейді.
Бет келсең апатайлап жүгіреді,
Алдында иіледі, бүгіледі.
Адам жоқ қаптап кеткен хамелеон,
Беу жаным келер күннен түңіледі.

11.08.1993 жыл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сырғақ өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Сырғақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сырғақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сырғақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері