Мен қайықпын теңізде шыр айналған

Бұл бетте «Мен қайықпын теңізде шыр айналған» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1236
Мен қайықпын теңізде шыр айналған,
күйім – қоян бүретін құмай-жалған.
Теңіздердің тұнығын кешсем деп ем
жағадағы жиіркеніп лайлардан,
лай көрсе, мендегі жылайды арман.
Теңіз – дүлей, тап берсе дауыл – дұшпан,
күйім – қалқан соғылған ауыр қыштан.
Жер де – теңіз, көк – теңіз, жапа-жалғыз
ағыстардың шудалы жалын құшқам,
естілгендей болды бір сағынышты ән.
Жеттің сонда. Жеттің сен қалай маған?!
Күйім – қаңбақ дауылды қар айдаған.
Жамбастаған қайығым жөн түзеді
желкен керіп. Күн шықты арайлаған,
дауыл емес, сұлулық бар айналам!
Ақ желкені өзің боп тағдырымның,
сіміремін теңіздің таңғы нұрын.
Ақ желкенді қайығым – алтын қойма,
ұмытылды бұрынғы жарлы күнім,
байлық кешіп өткендей бар ғұмырым.
Жүрегіңде – от сезім, тұлғаңда – айбын,
жанарыңнан сарқылмас нұрды аңдаймын.
Жел айдаған тұмандай барады ұшып
мені мәңгі қамаған мұндар қайғым.
Келбетімнен Күн шығып кең әлемде
"кемесіндей дарияның бұлғаңдаймын!"
1983


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен қайықпын теңізде шыр айналған өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Мен қайықпын теңізде шыр айналған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен қайықпын теңізде шыр айналған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен қайықпын теңізде шыр айналған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері