Таңғұттарға қарсы күрес жырлары

Бұл бетте «Таңғұттарға қарсы күрес жырлары» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1359
(аударма)

Таңғұт жау тиді айлалы,
қатұнсін тісін қайрады,
жайратпай жауын таймады,
бауыздап жанын қинады.
Тұрмады бектер алдасып,
жекпе-жек шықты арбасып,
қылыштың жүзін қан басып,
қынабына қайта сыймады.
Домалап жаудың бастары,
иықтан түсіп қашқаны,
әлсіреп дұшпан сасқаны,
қылыштар қанға малынды.
Қатұнсін бегін алдағы
Таңғұттың ханы алдады,
ел-жұрты оны қарғады,
ажалға сосын бағынды.
Жауына бегім тістенді,
кірісті жаңа іске енді,
тәңірім оған күш берді,
жайнатты жүзін таңғы нұр.
Таңғұттың сансыз әскерін
түсірді қолға хас бегім!
Таба алмай дұшпан басқа ебін,
көзінен ұшты ән-ғұмыр.
Тұтқындап жаудың қалғанын,
шыңғыртып қақты шаңдарын.
Рахымы түсіп алланың,
бегімнің бағы жанды бір.
Әскерін бектің көргенде,
тасындай жайдың төнгенде,
Таңғұттар сасып сол демде
қонағы болды ажалдың.
Бек көрді жаудың шөккенін,
қансырап азап шеккенін.
Олжаға батып бектерім,
алыбын қырды тажалдың.
Тәлкектеп жаудың тағдырын,
келеке қылды зар-мұңын.
Адамын, атын, бар жүгін
олжалап алды сан жұрттар.
Дүшпандар қалды абдырап,
бұғауға түсіп зар жылап.
Бастары төмен салбырап,
иілді менмен таңғұттар.
Қол жиып өрге самғаттым,
садақты шіреп жауға аттым,
ұрыста бәрін аунаттым,
ақылдан дұшпан адасты.
Арғымақ атым зырлады,
зымырап аттап жылғаны.
Қара бұлт көкті былғады,
төгілді бұршақ аспаннан.
Жайлы екен түнгі шалғын маң!
Тұрып ем түнде, қаңғырған
бөріні кердім — алдымнан
жөнеді қарғып тастардан.
Атыма қамшы бастым да,
ұмтылдым сонда қасқырға.
Титықтап, корқау, састың ба,
тигенде ажал тырнағы!
Бас салып итім, мұзбалақ
қасқырды жатты жұлмалап,
жығылды қорқау құм жалап,
орнынан енді тұрмады.
Қараңғы түнді қуғым кеп,
бетімді нұрға жуғым кеп
мен тұрдым.
Уақыт жүр-жүрлеп
әкелді менің күнімді.
Әрі астым шыңнан, қыраттан.
Қарайған көрдім жырақтан:
қылышын алып қынаптан,
шаңдатып жаулар келеді.
Қаласам, жауды шабар ем,
әскерін қойдай қамар ем,
қылышпен басын қағар ем,
жалынып бірақ бас ұрды.
Зәресін алып айбыным,
құрбан қып мүлкін, байлығын,
жау шекті зарын қайғының,
«Жанымды қи!»—деп шошыды-ай.
Аяғыма келіп жығылды,
сұрады жалғыз ғұмырды,
ұяттан өліп бүгілді.
тоқтатты мені осылай.
Қайғыға жауды батырдым,
кешірдім ісін жат ұлдың,
ұятыңды жу деп ақырдым.
Шешті өзі сонда теңдерін.

МАХМУД ҚАШҚАРИ


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Таңғұттарға қарсы күрес жырлары өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Таңғұттарға қарсы күрес жырлары өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Таңғұттарға қарсы күрес жырлары өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Таңғұттарға қарсы күрес жырлары өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері