Нұрия

Бұл бетте «Нұрия» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 3143
Боран бізді қалжыратып,
Іздегенде жылы ұя.
Құшағына алды тартып,
Татар қызы Нұрия.
Сонау Қорған орманында
Тына қалды жел неге?
Ажары айдай орнады да,
Түсті бір от кеудеге,
Соққан боран түніменен,
Соқпай қойды күндіз де.
Соқшы, боран, күніменен
Жетпей қалды түн бізге.
Қалды Қорған қарағайы,
Қалды артта жылы ұя.
Қалды артта — таң арайлы
Татар қызы Нұрия.
* * *
Көктемнің желі жұлқылап,
Жыртылып қыстың көйлегі.
Бұлттарын айдап бұрқырап,
Күркіреп аспан сөйледі.
Ақырған тентек арынмен
Ашуы көктің таусылды.
Сөздерін жазып жалынмен,
Найзағай — қалам шаншылды.
* * *
Бір өзі билеп ауаны
Шалқадан түсіп жатыр ай.
Бір өзі билер даланы,
Қайдасың, жас күн, апыр-ай.
Бұтағынан үзілген
Жапырағындай алмұрттың,
Көштің бе сырғып жүзімнен
Алаулы жалын албырт күн.
Бардың сен жауған оққа да,
Бардың сен жауған отқа да,
Палуандай белді буып ап,
Түстің сен жиын, топқа да.
Құп болып барлық айтқаның,
Естің сен қызыл желдей боп.
Алған бір беттен қайтпадың,
Тасыған мұзды селдей боп.
Бір өзі билеп ауаны
Шалқадан түсіп жатыр ай.
Бір өзі билер даланы,
Қайдасың, жас күн, апыр-ай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Нұрия өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Нұрия өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Нұрия өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Нұрия өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері