Сәлем, баку

Бұл бетте «Сәлем, баку» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2824
Сәлем, Баку, қаламсың
Өмірімде болмаған.
Құшағыңа аларсың,
Көңілімде жоқ алаң,
Низамиден жыр ұққан
Сәлем саған Абайдан.
Тойыңа кеп тыныққан
Сәлем Қасым ағайдан.
Жалындаған жаныммен
Үлгіре алмай жатырмын,
Сәлем, саған алдымен,
Жұмысшысы Бакудың.
Қара түнде атылған
Жиырма алты комиссар,
Қазақстан халқынан
Мен әкелдім, алғысты ал.
Сәлем, Баку түндері,
Ойнап жатқан отпенен.
Сәлем, Баку гүлдері,
Жаз айында көктеген.
Сәлем, Баку ұл-қызы,
Өлеңде жоқ шекара.
Сәлем, Каспий теңізі,
Толқындары көкала.
Ән салғанда тауда су,
Күй шертеді даласы.
Сәлем, саған жан Баку,
Ақындардың қаласы,
1956


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сәлем, баку өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Сәлем, баку өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сәлем, баку өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сәлем, баку өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері