Менің Республикам – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Менің Республикам» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Тауды көрсең күн көзімен таласқан,
Аспан көрсең Ай мен Күнге жол ашқан,
Менің байтақ Республикам таулары,
Менің көгім - мөлдіреген сол аспан.

Дала көрсең көкжиекпен ұштасқан,
Көлді көрсең секілді бір түскі аспан,
Менің байтақ Республикам даласы,
Менің көлім теңізбен қол ұстасқан.

Қызыл бұлттай көрсең қырдың гүлдерін,
Көрсең ашық Алатаудың күндерін,
Жеріде гүл көгінде күн бір жүзген,
Ұлан - Байтақ Республикам бұл менің.


Пікірлер (1)

Aboolala

Маған олимпиадаға қатысам осыны жаттайтың болдым рахмет ????

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Менің Республикам өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Менің Республикам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Менің Республикам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Менің Республикам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері