Есте қалды

Бұл бетте «Есте қалды» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1117
Есте қалды жүгіргенім, күлгенім,
Есте қалды ат қып шыбық мінгенім.
Есте қалды базарында жастықтың
Дос-жаранмен қоян-қолтық жүргенім.

Есте қалды сауық-сайран, той-думан,
Есте қалды күндерім де ой қуған.
Есте қалды нала-мұңым, шаттығым,
Қуанышым басым түсті қайғымнан.

Есте қалды тұлпарлардың шапқаны,
Есте қалды қастың құрған қақпаны.
Есте қалды ауылдағы иттердің
Шабаланып, балағымнан қапқаны.

Өткен күндер тартқан шығар көмескі,
Жаным мөлдір, болса-дағы тән ескі.
Тәтті балдай таңдай қаққан шақтарды
Еске алудың өзі бақыт емес пе?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Есте қалды өлеңінің авторы кім?

Ақылбек Шаяхмет — осы өлеңнің авторы.

Есте қалды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Есте қалды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ақылбек Шаяхмет өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Есте қалды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері