Рахмет – Ақылбек Шаяхмет

Бұл бетте «Рахмет» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Сен сыйладың таң нұрын,
Күннің күміс шапағын.
Еркін күнім – тағдырым,
Рахмет саған, Отаным!

Көз жетпейтін алысқа
Жетіп жатыр атағың.
Ұшты қазақ ғарышқа,
Рахмет саған, Отаным!

Жауқазындай құлпырған
Келеді өсіп қатарым.
Жақсылыққа ұмтылған
Рахмет саған, Отаным!

Жүрегімде сен барда
Таусылмайды сапарым.
Түстік түзу, кең жолға,
Рахмет саған, Отаным!

Өзің үшін буғам бел,
Шарықтайды шат әнім.
Рахмет саған, туған ел,
Айналайын, Отаным!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Рахмет өлеңінің авторы кім?

Ақылбек Шаяхмет — осы өлеңнің авторы.

Рахмет өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Рахмет өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ақылбек Шаяхмет өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Рахмет өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері