Нұрын шашып тұрған кезде жарық күн – Ақылбек Шаяхмет

Бұл бетте «Нұрын шашып тұрған кезде жарық күн» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1629
Нұрын шашып тұрған кезде жарық күн,
Ауыр жүкті әйел жүрсе көтеріп.
Күнкөрістен қалжыраған халықтың
Кеткен оған еті өліп.
Өсекшінің ұзын тілі сүйреңдеп,
Күндер жылжып өтіп жатса күйбеңмен.
Қисық аяқ қызыл етік кигенге
Елдің көзі үйренген.
Асыл сезім көкіректе сақтаулы
Түсіп жатқан секілді ғой сынаққа.
Ести-ести шектен шығар мақтауды,
Жауыр болған құлақ та.
Іздейді жұрт тіршіліктің амалын,
Қансыраған қасқырдайын жаралы,
Астан-кестен, алмағайып заманның
Қас-қабағын бағады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Нұрын шашып тұрған кезде жарық күн өлеңінің авторы кім?

Ақылбек Шаяхмет — осы өлеңнің авторы.

Нұрын шашып тұрған кезде жарық күн өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Нұрын шашып тұрған кезде жарық күн өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ақылбек Шаяхмет өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Нұрын шашып тұрған кезде жарық күн өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері