Қаратөбе – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Қаратөбе» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.04.2019
  • 0
  • 0
  • 4496
(Қаратөбе – Маңғыстау халқының тарихынан ерекше орын алатын жер. 1998 жылы осы жерде Шотан, Абыл, Досан аруақтарына арналып ас берілді.)

Қаратөбе,
Қаратөбе,
Қаратөбе!
Маңғыстауда ерекше дара төбе.
Біздер үшін қасиетті киелісің,
Дем беретін әр кезде сүйенішім.
Сенде ақыным, батырым Абыл, Досан,
Сан ой келер басыма дамылдасам.
Сенде алғашқы адайлық болған сиаз1,
Сол сиязда6 Хан болған Тобанияз.
Сырға толы әр тасы бұл араның,
«Қаратөбе» жазылар романым.
2
Маңғыстауды Адайға киелі мекен жер еткен,
Көшіріп Мұңалжарынан,
Жем, Сағыз, Қобда, Електен:
Атағозы батырдың найзасының ісі дер,
Лабақ-дүлей батырдың түнеріңкі сұсы дер.
Қожамбеттей палуан білегінің күші дер,
Шотан мінген шұбар ат тұяғының ұшы дер.
Осыдан-ақ бұл халық көп нәрсені түсінер.
Бұл мекенде алда да өтер небір кісілер,
Бұл мекенде алда да небір шәрбат ішілер.
Шотан мінген шұбардай құйрық-жалы төгілген,
Бұл мекенде алда да талай тұлпар кісінер.
Ұрпақ үшін алысып, сый қалдырған маған мол.
Баба рухы тұрғанда адаспайтын табам жол.
Халық болып ұйыған Тобекеңді Хан сайлап,
Қасиетті, киелі Қаратөбем аман бол,
Қаратөбем аман бол!!!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қаратөбе өлеңінің авторы кім?

Айтуар Өтегенов — осы өлеңнің авторы.

Қаратөбе өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қаратөбе өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтуар Өтегенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қаратөбе өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері