Шақырамын – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Шақырамын» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1499
Мен бүгін ерекшемін, өзгешемін,
Басқаны шаттанудан сезбес едім.
Асыл дос!
Бірге болшы меніменен,
Мен бүгін жиырма жаспен кездесемін.
Дәл бүгін домбырадан күй төгілсін,
Дәл бүгін жүрегімнен сый төгілсін.
Асыл дос!
Бірге болшы біздің үйде,
Көмейден ән төгілсін, би төгілсін.
Кеудемнен қиял деген қақты кептер,
Мендегі нұрлы өмірге бақ тілеп бер.
Асыл дос!
Бірге болшы меніменен,
Айтылсын, ақтарылсын ақ тілектер!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шақырамын өлеңінің авторы кім?

Айтуар Өтегенов — осы өлеңнің авторы.

Шақырамын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шақырамын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтуар Өтегенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шақырамын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері