Ана тілін білмеймін
Бұл бетте «Ана тілін білмеймін» атты Абдрахман Асылбек жазған ана туралы өлең берілген.
Әнін жазған Әбиірбек Тінәлі
Ана тілін білмеймін,
Баба тілін білмеймін.
Қасиетті халқымның
Дана тілін білмеймін. 2 рет
Түсінбеймін тіл әрін,
Түсінбеймін бір әнін.
Туған елдің алдыңда
Таудай екен күнә мың. 2 рет
Өсе келе түсіндім,
Өсе келе қысылдым.
Өзге тілдің алдында
Өз құнымды түсірдім. 2 рет
Тілім екен мерекем,
Тілім екен берекем.
Ана тілін білмейтін,
Мәңгүрт деген мен екем. 2 рет
Ана тілдің есігін,
Ашып отыр кеш ұлың.
Кеш те болса еш болмас,
Жаса, халқым, кешірім. 2 рет
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі