Сенгендер мансабына, мал мен баққа – Ақылбек Шаяхмет

Бұл бетте «Сенгендер мансабына, мал мен баққа» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1250
Сенгендер мансабына, мал мен баққа,
Ұнатпай сүйенгенді тіл мен жаққа,
Айтылған жыры шоқтай қарыған соң,
Тастапты кітаптарын жанған отқа.

Құл қылып құлақкесті бас ұрғанды,
Сарғайтып сағыныштан ғашық жарды,
Жандайшап сала алмаған тілге кісен,
Қаматқан абақтыға асылдарды.

Айтқанға ақиқатты қауіп басым,
Кезінде қалай айтқан тауып Қасым.
Тілдерін шешендердің кесе алмаған,
Тастаған сол тіл үшін шауып басын.

Болатын, қайран, ерлер, елге тірек,
Сіздерді үлгі қылып ер жетіп ек.
Қалса да өкпесі өшіп, қуат кеміп,
Өкшесін тұрған олар жерге тіреп.

Айтқанды ауырсынса ет пен сүйек,
Кей кезде қойған болса тілге тиек,
Тілімен ары менен жанын қорғап,
Арқасын тұрған олар елге сүйеп.

Қаланың қызып жатқан базарындай,
Халық жоқ жер бетінде қазағымдай.
Шыжғырған шындықты айтқан ақындары
Киелі қазағымның таза арындай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сенгендер мансабына, мал мен баққа өлеңінің авторы кім?

Ақылбек Шаяхмет — осы өлеңнің авторы.

Сенгендер мансабына, мал мен баққа өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сенгендер мансабына, мал мен баққа өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ақылбек Шаяхмет өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сенгендер мансабына, мал мен баққа өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері